Құрылыс қарқыны бәсеңдемейді
Дәстүрге айналған сұхбат алаңында «Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы БЕКТЕМІСОВ Қуат Дулатұлымен көпшілік көкейіндегі мәселелерге жауап алдық. Бөлім басшысы орындалып жатқан жұмыстар мен алдағы жыл бойынша жоспарларымен бөлісті.
— Қуат Дулатұлы, бүгінгі күні Қарағанды қаласында қандай жобалар іске асырылуда?
— Бас жоспарды іске асыру шеңберінде бүгінгі күні Қарағанды қаласы бойынша 26 қала құрылысы жобасы және қаланы инженерлік қамтамасыз етудің 5 салалық схемасы әзірленді және бекітілді. Оның ішінде 23-і егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы, 3-құрылыс салу жобасы болса, сондай-ақ, кешенді көлік схемасы, жылумен жабдықтау схемасы, нөсерлік кәріз схемасы, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің кешенді схемасы бар.
— Мемлекет тарапынан бөлінетін қаржы есебі қандай? Сондай-ақ, жұмыстар қандай бағдарламалар есебінен жүргізіліп жатыр?
— 2021 жылы бөлім екі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылады:
— 468 001 015 «Жергілікті деңгейде сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»;
— 468 003 015 «Аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын және елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу».
Бүгінгі күні, бұрын енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, бөлімнің 2021 жылға арналған нақтыланған жоспары 115 921 000 теңгені құрайды, оның ішінде:
1) 468 001 015 «Жергілікті деңгейде сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша 62 749 000,0 теңге аппаратты ұстауға жұмсалады. Яғни, жалақы, демалыс, салықтар, ЖЖМ, коммуналдық төлемдер, мемлекеттік қызметтер көрсету, ақпараттық технологияларды сүйемелдеу және тағы да басқалары.
2) 468 003 015 «Аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын және елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу» бағдарламасы бойынша 53 172 000,0 теңге бөлінген.
— Сіз атап өткен «Аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын және елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу» бағдарламасы аясында қандай жобалар әзірленді?
– Біріншіден, «Жаңа аудан» шағын ауданының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу бойынша жұмыстар. Мердігер — «Градкомплекс» ЖШС. Шарттың жалпы сомасы 19 671 551 теңге, оның ішінде 2020 жылға – 1 000 000 теңге, 2021 жылға – 18 671 551 теңге. Қазіргі уақытта жұмыстар аяқталды және Қарағанды қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 12 тамыздағы №52/162 қаулысымен бекітілді.
— Екіншіден, қаланың қала құрылысы жобаларына, сондай-ақ сот шешіміне өзгерістер енгізуге көптеген өтініштер мен арыздардың түсуіне байланысты 2021 жылға жергілікті бюджеттен 32 500 000 теңге көлемінде қаражат бөлінді.
— Қуат Дулатұлы, бөлімге келіп түскен шағымдардың шешімі қандай болды?
— Ашық конкурс өткізіліп, 16 қала құрылысы жобаларына өзгерістер енгізуге 27 625 011,05 теңге сомасына «ЮгГеостандарт» ЖШС-мен 13.08.2021 ж. №21 шарт жасалды. 16 қала құрылысы жобасына 152 жер учаскесі бойынша өзгерістер енгізу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.
— Түсінікті. Жалпы, қаламызда егжей-тегжейлі жоспарланған нақты жобаларды атап өтсеңіз.
— Иә, әрине. Барлығын атап өтетін болсам:
— Оңтүстік-батыс тұрғын ауданының ЕТЖЖ;
— Қарағанды қаласы Майқұдық жоспарлау ауданының оңтүстік-батыс ауданының ЖПП;
— Солтүстік-шығыс жоспарлау ауданының ЕТЖЖ;
— ХМК – 7 магистралі ауданындағы ЕТЖЖ;
— Кхрн жоспарлауа уданының ЕТЖЖ. «Алмалы «(Күнгей);
— Кхрн жоспарлау ауданының ЕТЖЖ. «Таугүл»;
— «Жаңа қала» жоспарлау ауданының ЕТЖЖ;
— Пришахтинск жоспарлау ауданының егжейтегжейлі жоспарлау жобасы (1 кезек);
— Пришахтинск жоспарлау ауданының егжейтегжейлі жоспарлау жобасы (2 кезек);
— Саран өнеркәсіптік аймағының АДП (20-шы шахтадан Саран тас жолына дейінгі учаске);
— Майқұдық жоспарлау ауданының ЕТЖЖ (1 кезек);
— Майқұдық жоспарлау ауданының ЕТЖЖ (2 кезек);
— Қарағанды қаласының оңтүстік-шығыс жоспарлау ауданының ЖСДП келесі учаскелерден тұрады: «Кең Дала» шағынауданы және Этнопарк;
— Қарағанды қаласының Сұрыптау жоспарлау ауданының ЖСЖ;
— Қарағанды қаласының Сұрыптау жоспарлау ауданының ЖСЖ (2 кезек).
Сондай-ақ, 2021 жылы Узенька ауданының егжейтегжейлі жоспарлау жобасын (2-кезек), Пришахтинск жоспарлау ауданының егжейтегжейлі жоспарлау жобасын (3-кезек) әзірлеуге 2 000 000 теңге мөлшерінде қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Жобалау жұмыстарын аяқтау мерзімі –2022 жылғы қазан айы.
2021 жылы бюджеттік бағдарламаларды күтілетін игеру 100% жоспарланып отыр.
— Өте жақсы! Қуат Дулатұлы, енді алдағы жоспарларыңызбен бөлісе отырсаңыз.
— 2022 жылы бөлім екі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылады:
1) 468 001 015 «Жергілікті деңгейде сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша 51 392 000,0 теңге аппаратты ұстауға жұмсалады. Оның ішіне жалақы, демалыс, салықтар, ЖЖМ, коммуналдық төлемдер, мемлекеттік қызметтер көрсету, ақпараттық технологияларды сүйемелдеу және тағы да басқалары кіреді.
2) 468 003 015 «Аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын және елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу» бағдарламасы бойынша — 118 239 000,0 теңге, оның ішінде:
— Ауданы 730 га жобаның шекарасында Қарағанды қаласының Узенка жоспарлау ауданының (2-кезек) егжейтегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу және бекіту — 62 845 000,0 теңгені құрайды;
– Қарағанды қаласының шахталық жоспарлау ауданының егжей – тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу және бекіту (3-кезек), ауданы 850 га жобаның шекарасында — 55 394 000,0 теңге көлеміндегі қаражат бөлінген.
— Сұхбат бергеніңізге рақмет!
Сұхбаттасқан: Аружан АЛПЫСБАЙ