Рыбакина – үздік теннисші
«Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) әлемнің үздік теннисшілері рейтингісінің жаңартылған нұсқасын жариялады», – деп хабарлайды prosports.kz.
Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде көтеріліп келеді. Римде өткен WTA 1000 турниріндегі жеңісінің арқасында Рыбакина 4-орынға көтерілді. Ол 3-орында тұрған америкалық Джессика Пегуладан небәрі 115 ұпайға қалып тұр.
Ал қазақстандық Юлия Путинцева 10 сатыға төмендеді. Жібек Құламбаева, Гозал Айнитдинова және Анна Данилина рейтингідегі орындарын сақтап қала алмады.
Жұптық рейтингіде Данилина 24-орынға көтерілді. Елена Рыбакина 12 сатыға төмендеп, 94-орында тұр.
Елена Рыбакина WTA ТОП-10 рейтингісі өкілдерінің арасында алға жылжыған жалғыз адам болды. Ол француз Каролин Гарсия мен америкалық Коко Гауффты ығыстырып тастады.
WTA рейтингісі бойынша әлемдегі ТОП-5 теннисшілер тізімі:
1 (0). Ига Свентек (Польша) – 8 940;
2 (0). Арина Соболенко (Беларусь) – 7 541;
3 (0). Джессика Пегула (АҚШ) – 5 205;
4 (+2). Елена Рыбакина (Қазақстан) – 5 090;
5 (-1). Каролин Гарсия (Франция) – 5 025.