Құрметті оқырмандар!

«Qaragandy Habary» газетінің алғашқы саны 2021 жылы қазақ тілінде шыққан қалалық алғашқы басылым ретінде жарық көрді. «Qaragandy Habary» газетінің алғашқы саны 2021 жылғы 4 наурызда шықты. Басылымның тұсаукесері өңірлік коммуникациялар қызметінде өтті. Алғашқы номер Әлихан Бөкейхан туралы мақаладан басталды. Бұл басылым – Қарағанды қаласының қоғамдық өмірі мен өзекті мәселелерін мемлекеттік тілде жеткізуге арналған жолы ашылған үлгілі басылым.


Биыл біз үшін үлкен қуаныш – «Qaragandy Habary» газетінің бес жылдық мерейтойы! Осы уақыт ішінде газет аймақ тұрғындарының сенімді ақпарат көзіне айналып, қоғамдық пікірді қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.
Ең алдымен, бізге сенім артқан барша оқырман қауымға шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Сіздердің әр пікірлеріңіз, ұсыныстарыңыз бен қолдауларыңыз – біздің ұжымға жаңа белестерді бағындыруға жігер берді.
Бес жыл – бұл тек уақыт емес, қалам мен ойдың, жауапкершілік пен шығармашылықтың жемісі. Газетіміздің әр нөмірі – қоғамның тыныс-тіршілігінің айнасы, оқырманның үні мен қажеттілігінің айқындаушысына айналды.
Осы мерейлі күнде біздің кәсіби редакция ұжымына шынайы алғысымызды айтамын! Әр тілші, корректор, дизайнер және техникалық қызметкер – газеттің сапалы жұмысына үлес қосып, шығармашылық ізденістен айныған жоқ. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен ынтаңыздың арқасында газетіміз биік белестерді бағындыруда.
Алдағы уақытта да біз сапалы, шынайы әрі маңызды ақпараттарды сіздерге дәл уақытылы жеткізіп, қоғамдық диалог үшін сенімді алаң бола береміз деп сенеміз.
Ізгі тілекпен,
«Qaragandy Habary» газетінің бас редакторы
Құралай ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ