Құрметті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері!
— «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, қор, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктері нысанында, сондай-ақ осы Заңның 17-бабында көзделмеген өзге де ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған коммерциялық емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтерді ұсынады.
ҮЕҰ мәліметтерді МСМ-нің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен бекітілген нысанға (www.din.gov.kz/rus/pravovaya_baza/prikazy) сәйкес қазақ және орыс тілдерінде жыл сайын есептік мерзімнен кейін әр жылдың 31 наурызына дейін:
— а.ж. 1 наурызға дейін қағаз және электрондық түрде (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол ұсынады;
— а.ж. 1 наурыздан бастап ҮЕҰ-ның мәліметтерді Дерекқордың http://infonpo.kz интернет-порталы арқылы беруге мүмкіндігі болады. Интернет-порталда Халыққа қызмет көрсету орталығынан алынған ЭЦҚ (ЭЦП) кілті арқылы авторизациядан өтуге болады.
Пошта арқылы ҮЕҰ Дерекқоры үшін мәліметтерді қайда жолдау керек:
010000, Нұрсұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.
«Жедел желі» телефондары: 8 (7172) 74-04-28, 74-04-47.
Сондай-ақ, ҮЕҰ өз сұрақтарын 74-04-28@mail.ru электрондық мекен-жайға жолдай алады.