Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары!
‼️Қарағанды облысының аумағында температураның күрт төмендеуіне байланысты төтенше жағдайлар мен өрттердің туындау қаупі артады.
✅Осыған байланысты, төтенше жағдайлар мен өрттердің алдын алу мақсатында барлық азаматтарды қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз.
Жылыту құрылғыларының жағдайына ерекше назар аударыңыз, олардың қызып кетуіне және ақаулы жабдықты, сондай-ақ тұрмыстық газ баллоның пайдалануға жол бермеңіз. Баларды және қосылған электр құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз, электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз. Пешті жылыту кезінде абай болыңыз: мұржаларды уақтылы тазалаңыз және пешті шекті нормадан тым қыздыруға жол бермеңіз.
☎️Өрттің барлық фактілері бойынша 101 және 112 нөмірлеріне қоңырау шалыңыз!
