Республикалық референдум: Сарапшылар не дейді?
Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша жалпыұлттық референдум өткізу елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың маңызын тағы бір рет дәлелдей түсті. Елімізде референдум 1995 жылы Конституция қабылданған кезде алғаш рет өткізілген болатын. Конституциялық реформа жекелеген баптарға емес, негізгі Заңның үштен бір бөлігіне қатысты түзетулер енгізуді көздейді. Сондықтан жалпыұлттық референдум арқылы өзгерістер мен толықтырулар өткізу өте орынды.Түзетулер мемлекеттік басқарудың жаңа пардигмасын құруды және билік пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтуды көздейді. Сондықтан президент мемлекет құрылымының жаңа моделін «Екінші республика»деп атады.
ҚР Парламенті Сенаты аппараты басшысының орынбасары Максим Споткай