Республикалық «Nauryz Sale» науқаны өтеді

Қарағанды облысында «Наурыз мейрамы» қарсаңында 2026 жылғы 13–23 наурыз аралығында республикалық «Nauryz Sale» науқаны өтеді. Бастама отандық өндірушілерді қолдауға, ішкі сауданы дамытуға және өңір тұрғындары мен қонақтары үшін мерекелік атмосфера қалыптастыруға бағытталған.

Науқан аясында азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарларға жеңілдіктер ұсынылады. Жеңілдігі бар тауарлар сауда залдарында арнайы мерекелік «Nauryz» навигациясымен белгіленеді.

Науқанға сауда саласындағы кәсіпкерлер қатысады. Олардың қатарында «Корзина», «Magnum», «Аян», «Южный», «Реал», «Норма», «Оптима» сауда желілері, сондай-ақ «Абзал», «12 месяцев», «Global City», «Умай», «Таир», «City Mall», «Grand Store», «БУМ», «Каскад», «Проспект», «Строймарт» сауда үйлері мен сауда-ойын-сауық орталықтары бар.