QARAGANDY TARTYLU FEST
24 тамызда Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығы «Қазақстан азаматтары» ҚБ және «Invictus Go» фитнес—клубымен бірлесіп, Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен Шахтерлер күніне орай және Қарағанды қаласының 90 жылдығы аясында QARAGANDY TARTYLU FEST турнирін өткізді.
Белтемірге тартылу турнирінде 14 пен 35 жас аралығындағы 200-ден аса қатысушылар бақ сынап, күш пен төзімділік қабілеттерін паш етті.
Нәтижесінде төрешілердің шешімімен әр салмақ санаттары бойынша кіл мықтылар анықталды. Турнирдің 630 000 теңге көлеміндегі жүлде қоры сайыстан озып шыққан жеңімпаздарға үйлестірілді:
65 келіге дейінгі жеңіл салмақ жеңімпаздары:
1 орын және 120 000 теңге иегері — Олейник Никита, 52 тартылу;
2 орын және 60 000 теңге иегері — Капанов Айбат, 50 тартылу;
3 орын және 30 000 теңге иегері — Кадыров Рафаил, 49 тартылу.
65 келіден 85 келіге дейінгі орта салмақ жеңімпаздары:
1 орын және 120 000 теңге иегері — Кутуев Ақпейіл, 45 тартылу;
2 орын және 60 000 теңге иегері — Асқар Айтуар,39 тартылу;
3 орын және 30 000 теңге иегері — Кузьмин Виталий, 33 тартылу.
85 келіден жоғары салмақтағы жеңімпаздар:
1 орын және 120 000 теңге иегері — Рейтаров Сергей, 29 тартылу;
2 орын және 60 000 теңге иегері — Жаксыбаев Ерлан, 23 тартылу;
3 орын және 30 000 теңге иегері — Иванов Данила, 23 тартылу.
Сондай-ақ, QARAGANDY TARTYLU FEST турнирінде қатысушыларға арналған басқа да тартысты спорттық сайыстар ұйымдастырылды.
Құралай КӨБЕНОВА, «QH»