Президенттік кандидатқа Нұрлан Әуесбаев ұсынылды
Қазақстандағы жалғыз оппозициялық партия – ЖСДП президент сайлауына өз кандидатын ұсынды.
65 жастағы Нұрлан Әуесбаев — партияның астанадағы филиалының жетекшісі.
Ол 16 жыл бұрын құрылған партияның атынан түскен алғашқы кандидат.
Бұған дейін Жалпыхалықтық социал-демократиялық (ЖСДП) партия президент және парламент сайлауына бірнеше рет бойкот жариялаған болатын.