Президент: Нағыз патриот – өз жұмысын адал істейтін адам
Қасым-Жомарт Тоқаев:
– Патриот дегеніміз – өз жұмысын кез келген орында, мейлі, университет, мектеп, аурухана, кәсіпорын немесе министрлікте болсын, өз қызметін адал атқаратын адамдар. Әскери қызмет туралы айтпасақ та болады. Бұл арада барлық мамандықты тізіп шығу міндет емес шығар. Жұмыстың жаманы болмайды.
