Полицияның сервистік моделі талқыланды
Қарағанды қаласы қоғамдық кеңесі полиция жұмысы және оның сервистік жұмыс моделі мәселелері бойынша кезекті онлайн-кеңес өткізді. Кеңес мүшелері мониторинг жүргізді. Яғни сервистік модель өзінің жақсы нәтижелерін береді, бірақ әлі де көптеген мәселелер бар және олардың басым бөлігі қарапайым проблемаларға қатысты деген ой түйді.
Кеңес мүшесі Эрик Менсеитов полицияның сервистік үлгісі оң нәтиже бергенін баяндады:
– Полицияның сервистік моделі алғаш рет қаламыздың аумағында сынақтан өткізілді. Қарағанды мысалында ІІМ басшылығы мұндай модельді ақталған және республиканың басқа өңірлерінде енгізуге болады деп санайды. Оның негізінде құқықтық тәртіп мәселелерін бірлесіп анықтау және шешу үшін мемлекеттік институттың азаматтарымен тұрақты серіктестік жатыр, – деп бастады Эрик Қарашұлы. – Қоғамдық кеңес жүргізіп отырған құқық қорғау органдары қызметіне жүргізілген мониторинг көрсеткендей, полицияның сервистік моделі өз нәтижелерін беруде. Учаскелік полиция инспекторлары қолжетімді бола бастады, олар туралы тұрғындар біледі, инспекторлардың әлеуметтік желілерде өз парақшалары бар, халыққа алаяқтық фактілері, жол апаты немесе көктайғақ туралы ескертіледі, – деді ол өз сөзінде.
Алайда, спикердің айтуынша, статистикалық мәліметтерге сәйкес, алкоголизм мен жұмыссыздық қылмысқа қарсы күресте басты проблемалардың бірі болып қала береді. Сондай-ақ 22:00-ден кейін дүкендерде немесе дүңгіршектерде алкогольды ішімдіктер сатудан толық құтыла алмаған.
– Жерасты өткелдерінде және сауда үйлерінің кіреберісінде белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар, кәмелетке толмағандар қайыр сұрайды. Бұл жерде осы адамдардан құтылу туралы емес, олардың осы жағдайға тап болу себептерін анықтау бойынша жүйелі жұмыс жасалуы керек.
Егер адам жұмыссыз немесе мүгедек болса, оның проблемасын шешуде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыс істейді. Ал тұрғылықты жері жоқ адам болса, Қарағанды қаласында адамдарды бейімдеу орталығы жұмыс істейді. Мұндай адамдардың басым бөлігі Орталық Азия елдерінен келеді. Олар қандай мақсатпен қанша мерзімге, қонақ ретінде немесе еңбек етуге келді ме деген сұрақтарды зерттеу артық болмайды. Сонымен қатар білім немесе медициналық көмек алмайтын өте жас балаларды көру өте ауыр. Бұл мәселелер тұрғындардың үнемі назарында. Қарағандылықтар мұны көріп, билікті негізді сынға алады. Қоғамдық кеңес бұл проблемаларды өткен жиындарда да атап өтті.
– Тұрғындар тәртіп сақшыларының стихиялық қоқыс орындары тұрғысынан әрекетсіздігіне шағымдануды жалғастыруда. Суицидтер санының 70-тен 120-ға дейін өсуі, оның ішінде 45-тен 80 жасқа дейінгі ерлер, ал 17-ден 36 жасқа дейінгі әйелдер жасаған фактілер мәселесі де толғандырады, – деді қоғамдық кеңес мүшесі.
Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің бастығы Айдос Райымбеков өз кезегінде прокуратураның 2021 жылдың 11 айындағы қызметі туралы есеп берді.
– Кәмелетке толмағандарға қатысты 80 қылмыс жасалды, ал оның ішінде 18 жасқа дейінгі қылмыс жасаушылардың саны – 24. Сондай-ақ бүгінгі таңда кәмелетке толмағандар тарапынан да құқық бұзушылықтардың өсуі байқалады.
Тиісті талдау көрсеткендей, алдын алу бойынша жұмыс жүргізілуде, бірақ ол қажет нәтижелер үшін жеткіліксіз. Мұның себептерінің бірі – қылмыстық қудалау органдарында кадрлардың жетіспеушілігі. Мысалы, аудандағы 89 білім беру мекемесінде 27 инспектор бар, олар аталған учаскелерді қамти алмайды, – деді Айдос Райымбеков.
Осы жылдың 11 айында 4299 қылмыс тіркелді. Елде карантиндік ахуал жалғасып, ойын-сауық орындарының қызметі шектеулі болғанына қарамастан, аталмыш жерлерде көптеген ауыр қылмыстар орын алды.
– Біз осындай 19 мекемені анықтадық. Онда 30-дан астам қылмыс жасалған. Олардың қатарында «Jam» караоке-бары бар. Қоғамдық тәртіпті бұзу фактісі бойынша бұл орыннан 39 қоңырау келіп түсті. Ал қылмыстар қатары зорлаудан бастап қарулы қақтығысқа дейінгі ретте жалғаса береді. Соңғы оқиға қараша айында болды, – деп жалғастырды Айдос Райымбеков. – Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың 9-дан 22-ге дейін өсуі ерекше алаңдаушылық туғызады.
Сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жұмысты күшейту маңызды. Интернет-алаяқтықтың өсуі 30%-ды құрады, яғни 800 факт тіркелді. Бұл қылмыстың ең көп таралған түрі – несиені сырттай рәсімдеу және күрделі өнімді сату үшін ақшаны иемдену. Полиция бұл ретте банктермен байланыс орнату, қылмыстың осы түрлерінің алдын алу тетігін әзірлеу қажет.
Кеңес жиналысына қатысқан адвокаттар алқасы өкілдері болса соңғы 5 жылдағы үрдісте қылмыстың азаюы байқалады деп есептейді. Бірақ алаяқтық ең көп таралған қылмыстардың бірі болып қала береді. Мұндай жағдайлардың 70%-ы интернеттегі және қолмақол ақшасыз төлемдерге байланысты. Мәселелердің өткірлігі мен өміршеңдігі алаңдатады, сондықтан полицияға халықты ақпараттандыру үшін жұмыс істеу маңызды деген тоқтамға келді кеңес мүшелері.
Аружан АЛПЫСБАЙ,
«QH»