Пандемиядан тез құтылу үшін вакцина науқанын күшейту керек
«Пандемиядан тез құтылу үшін вакцина науқанын күшейту керек. Ұжымдық иммунитет қалыптасқанда, инфекцияны жеңеміз. Қазірдің өзінде Қазақстанда белгілі бір деңгейде ұжымдық иммунитеттің қалыптасқаны байқалады. Ал КВИ-дің өзіне келсек, бұл ауру жойылып кетпейді. Екі түрлі инфекцияға айналуы мүмкін: бірі – балаға жұғатын инфекция, екіншісі – тұмау сынды маусымдық ауруға айналуы ықтимал». Профессор, медицина ғылымдарының докторы Алмаз Шарман.