ҚОЯН ЖЫЛЫ: мінездемесі мен сипаттамасы
2023 жыл – Қоян жылы. Қоян жылы 12 циклді қытай жұлдызнамасындағы 4-орында жəне шығыс күнтізбесіндегі ең бақыттысы саналады. Бұл сүйкімді жануар үшін ең бастысы – отбасы, сондықтан 2023 жылы жеке қатынасқа мəн беріп, туыстарыңызбен жəне жақындарыңызбен көбірек уақыт өткізу керек. Өмірлік серігін іздеп жүргендерге жаңа жыл жарын кездестіруге мүмкіндік береді, ал қатынастағы жұптар отбасылы болуы мүмкін.
Қоян жылы үй мəселесінде де сәттілік әкеледі. 2023 жылы тиімді ұсыныс түсуі мүмкін. Сондай-ақ бұл жыл саяхаттауға қолайлы болмақ. Міндетті түрде басқа қалаларда тұратын туыстарыңызға қонаққа барыңыз. Қоян жылында жақындарыңызға деген ықыласыңыз ескеріліп, табысқа жетуіңізге ықпал етеді.
Сезімтал əрі момын, жанашыр қоян тік мінезімен жəне білімге құштарлығымен ерекшеленеді. Ол бала күнінен дами түсіп, аса көрнекті тұлғаға айналады.
Жалпы, Қоян жылы дүниеге келген жандар момын мінезімен ерекшеленеді. Оларға оппонентімен қарсыласқаннан гөрі келісе салған ыңғайлырақ.
Ол ымыраға келуді, бейбітшілікті сүйеді, бірақ батырлық жасап өз құқығын қорғауға да қабілетті. Оның қаншалықты табысты адам болатыны айналасына, отбасына жəне тұратын жеріне байланысты. Қоян сəттілікке сенеді жəне күте алады. Ол нəзік, көбінесе молшылықта өмір сүреді, жан-жағындағылардың еркесі саналады.
Қоян жылы дүниеге келу нені білдіреді? Бұл дегеніміз – əйгілі адам болу деген сөз. Ол – жақын адамдарына адал, талантты жəне атаққұмар адам, тартымды сұхбаттасушы əрі сүйікті серіктес. Ол өте көнбіс жəне кез келген мəселені шешуге қабілетті. Қоян жайсыз жағдайларға сирек тап болады, өйткені өте сақ жəне ақылды. Ол үнемі мəселенің ұсақ-түйегіне дейін мұқият қарайды жəне қытай жұлдызнамасындағы 12 белгінің ең бақыттысы саналады.
Қоян жылы туғандар – табысты қаржыгерлер жəне жауапкершілігі мол саудагерлер. Талантты дəрігерлер, хирургтер, косметологтер. Сұраныстағы заңгерлер жəне шебер дипломаттар. Мамандықта тұрақтылықты жақсы көреді, жұмыс орнын жиі ауыстырғанды ұнатпайды, сенімді, нақты статусы қалыптасқан ұжымда қызмет еткенді құп көреді. Қояндар жауапкершілікті жоғары қояды, ыждағатты, төзімді, жұмысқа қабілетті жəне аналитикалық тұрғыда ойлай алады.