Қоржында – күміс жүлде
Қазақстандық боксшы Ләззат Күнгейбаева Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы Әлем чемпионатында күміс медаль алды.
81 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз финалда марокколық Хадиджа Мардиден жеңіліп қалды.
Осылайша Ләззат Күнгейбаева осы чемпионатта Қазақстан қоржынына екінші күміс медальды салды.
Нью-Делиде өткен Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бұдан бөлек тағы бір күміс медаль (Карина Ибрагимова) мен төрт қола жүлде (Алуа Балқыбекова, Фариза Шолтай, Надежда Рябец және Валентина Хальзова) алды.