Омар Миранданың көрмесі өтеді
«Алтын ғасыр» галереясы 28 шілдеде алматылық суретші Омар Миранданың жеке көрмесінің ашылуына шақырады. Көрермендерге акрилмен боялған 10-нан астам кенеп әлемге шебердің көзімен қарауға мүмкіндік береді.
«Yakamoz» көрмесі, негізінен, суретшінің портреттері мен автопортреттерінен құралған.
– Кенептер көрме үшін арнайы жасалған. Біз құпияларды сақтаймыз және бұл бізге шиеленіс сезіндіреді. Мен құпияларыммен бөлісудің жолын таптым, оларды көре білген адам мені естігеннің белгісі болады. Егер сіз құпияңыздан құтыла алмасаңыз, оны түрлендіріңіз. Көрме әлемді танудың және онда бақытты өмір сүруге тырысудың жолдарын іздейтіндер үшін қызықты болмақ, – дейді автор.
Омар Миранда 24 жаста, Алматыда туып-өскен. О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінде оқыған. Оның жұмыстары Шымкентте және Алматының жеке галереяларында қойылған.
Көрме сағат 16.00-де ашылады.
Кіру тегін.
Экспозиция 4 тамызға дейін жалғасады.