«Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК ұжымы арасында онлайн кездесу өтті
А.ж. 7 желтоқсан күні ақпараттық-түсіндіру тобы коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алу және екпе туралы қажетті ақпарат алу мақсатында «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК ұжымы арасында онлайн кездесу өткізілді. Кездесу барысында екпенің қажеттілігі, мерзімі, дәрігерлердің вакциналау кезіндегі іс-әрекеттері туралы түсініктемелер берілді. Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Барлығы 55 адам қатысты.