«Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК ұжымы арасында кездесу өтті
А.ж. 1 қарашада бригада агит мүшелері және ақпаратты насихаттаушы топ ҚР Президентінің жолдауын түсіндіру және екпе бойынша «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК ұжымы арасында кездесу өткізді. Кездесу барысында екпенің қажеттілігі, мерзімі, дәрігерлердің вакциналау кезіндегі іс-әрекеттері туралы түсініктемелер берілді. Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Барлығы 55 адам қатысты.