«Әнші балапан – 2025»: Өнерлі өрендер қанат қақты

«Мерей» бөбекжай-балабақшасында өнерлі бүлдіршіндердің талантын танытып, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында «Әнші балапан – 2025» атты байқау өтті. Дәстүрлі шараға №2 «Құлыншақ», №10 «Ақбота», №8 «Балапан», №7 «Балбөбек», №9 «Аққу», №4 «Қарлығаш» ересек топтары мен мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері қатысты.

Байқаудың негізгі мақсаты – жас жеткіншектердің рухани және мәдени дамуына жол ашып, олардың шығармашылық әлеуетін кеңейту, дарынды балаларды анықтау және өнерге деген сүйіспеншілікті арттыру.

 

Кішкентай өнерпаздар классикалық және эстрадалық жанрда ән шырқап, халық әндерін орындап, би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Пәк көңіл, періште пейілді бүлдіршіндердің әсерлі өнері көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

 

«Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй», – деп данышпан Абай атамыз айтқандай, жақсы ән мен күйдің сиқырлы әуені кішкентай жүректердің шабытын оятып, тыңдарманын ерекше әсерге бөледі.

 

Байқау нәтижесі бойынша:

 

«Бас жүлде» – Жанат Айлин,

 

І орын – Непряхина Николь,

 

ІІ орын – Айтжан Аяулым,

 

ІІІ орын – Макиш Аделья иеленді.

 

Сонымен қатар арнайы номинациялар бойынша:

 

«Үздік әнші» – Масяиева Александр,

 

«Жарқын жұлдыз» – Арыстанова Эсмира,

 

«Өнерпаз» – Тухтарова Амелина,

 

«Ең ерекше» – Те Элена,

 

«Көрермен көзайымы» – Темірхан Айя марапатталды.

 

Қазылар алқасы жас өнерпаздарға жылы лебіздерін білдіріп, «Талаптарың таудай, қанаттарың талмай, биіктерге самғай беріңдер!» деген ізгі тілектерін арнады.

 

«Әнші балапан – 2025» байқауы – бүлдіршіндердің өнерге деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, олардың бойындағы жасырын талантты ашуға сеп болды. Ұйымдастырушылар мұндай игі шараның алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.

 

«Мерей» бөбекжай» КМҚК

Музыка жетекшісі: Сейтимова Гүлден Төлешбайқызы