НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ҚАРАҒАНДЫ АВТОВОКЗАЛЫНАН ҚОСЫМША РЕЙСТЕР АШЫЛАДЫ
Мереке және мереке алдындағы күндері Қарағанды автовокзалынан қосымша автобус рейстері ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қарағандыдан Қарқаралы, Павлодар, Семей, Өскемен, Нұр-Сұлтан, Киевка, Жаңаарқа, Жәйрем, Қаражал, Жезқазған, Қызылорда, Шымкент, Алматы, Балқаш және Ақтоғайға баруға болады. Билеттерді алдын-ала сатып алған жөн.
19, 20, 21, 22 наурызда автобустар келесі уақыт кестесі бойынша көрсетілген елді мекендерге аттанады:
— Қарқаралы — 17:00;
— Павлодар, Семей, Өскемен — 21:00;
— Нұр-Сұлтан, Киевка — 16:00;
— Атасу, Жәйрем — 14:30;
— Қаражал — 16:30;
— Жезқазған — 19:00;
— Қызылорда — 22:30;
— Шымкент — 20:30;
— Алматы — 16:30 және 20:30;
— Балқаш — 20:00;
— Ақтоғай — 18:00.
Билеттерді автовокзал кассалары мен терминалдардан сағат 06.00-ден 23.00-ге дейін түскі үзіліссіз және демалыссыз сатып алуға болады. Сондай-ақ билеттерді сатып алуды интернет, интернет-банкинг, QIWI терминалдары немесе Касса24 арқылы тәулік бойы банктік картамен төлеуге болады. Анықтама телефондары: 43-18-18, 43-31-14.