Наталья Арыстанова: экология – жаңа Конституциядағы маңызды басымдық

Теміртау қаласы Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Наталья Арыстанова Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының ел болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Оның айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер әсіресе өндірісі дамыған өңірлер үшін ерекше өзекті. «Жаңа Конституция жобасы елдің болашағы үшін үлкен маңызға ие. Әсіресе бұл өндірісті қала – Теміртау үшін маңызды. Ата заң жобасында экология мәселелеріне ерекше назар аударылған», – деді ол.

Наталья Арыстанова индустриялық аймақтар үшін экологиялық қауіпсіздік мәселесі өте өзекті екенін айтты. Бұл тек қоршаған ортаны қорғау ғана емес, сонымен қатар адамдардың өмір сапасын жақсарту және өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.

«Сондықтан жаңа Конституция жобасымен мұқият танысып, алдағы референдумға қатысу өте маңызды», – деді Теміртау қаласы Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы.

Наталья Арыстанова: экология – жаңа Конституциядағы маңызды басымдық — 247media.kz