Нұра ауданына қарасты Қайнар ауылынан 720 тонна қоқыс шығарылды
Нұра ауданына қарасты Қайнар ауылында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тұрмыстық қатты қалдықтар полигон аумағын қоршау және күл- қоқыстарды үйінділеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстарға «Қайнар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 3 бірлік арнайы техникасы жұмылдырылды. Акция басталғалы көшелерді абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, 720 тонна қоқыс шығарылды.