Ұмытылмас ерлік: Қарағандыда студенттерге арналған танымдық quiz өтті
Ұлы Отан соғысындағы ата-бабаларымыздың ерлігі мен батылдығын ұлықтау мақсатында Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығы студенттерге арналған «Ұмытылмас ерлік» тақырыбында танымдық quiz өткізілді.⠀
Іс-шара барысында қатысушылар 1941–1945 жылдардағы тарихи оқиғаларға қатысты білімдерін сынап, патриоттық рух пен тарихи жадыны бағалаудың маңыздылығын сезінді.
Бұл форматтағы шаралар – өскелең ұрпақтың азаматтық санасын қалыптастырып, ел тарихына деген құрметін арттырады.