«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы

Қарағанды қаласында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық және қалалық кезеңдеріне өтінім қабылдаудың басталғанын хабарлаймыз!

⚜«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы адамгершілік құндылықтарды жандандыруға және отбасы мен некенің ( ерлі-зайыптылықтың) имиджін дамытуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Байқау ережелеріне сәйкес үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең-аудандық (қалалық), екінші кезең – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана). Облыстық кезеңнен кейін комиссия шешімімен бір отбасы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының лауреаты атағына лайық деп танылады.

✅Байқауға отбасы мүшелерінің еңбек, спорт, зияткерлік, шығармашылық, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді қатысатын отбасылар жіберіледі.

Аудандық/ қалалық кезеңге құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 15 мамырдан бастап 15 маусым аралығында жүргізіледі.

Құжаттар Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғ., 39А мекенжайында орналасқан
Қарағанды қаласы әкімдігінің №508 каб. (әлеуметтік саланы және ішкі саясатты үйлестіру бөлімі, байланыс телефондары: 420890, 421412, +77089537209) қабылданады.

Толығырақ ақпаратты Қарағанды қаласы әкімдігінің сайтынан алуға болады:
https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karagandy/press?lang=kk