Мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғау – басты назарда

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызмет алушылардың құқығын қорғау бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізіледі.

Мәселен, 2025 жылы 614 азаматтың құқықтары қалына келтірілді. Бұл қашықтықтан бақылау және жоспарлы тексерістердің нәтижесі. Атап айтқанда азаматтардың өтініштерін қарау нәтижелері бойынша 26, сұрау салу арқылы 585 және бақылау нәтижелерінде 3 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді. Заң бұзушылықтар негізінен жер мәселелері, сәулет, білім беру және көлік салаларында орын алған.

Айта кету қажет, мұндай шаралар тек арыздар бойынша ғана емес, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер сапасына қашықтықтан жүргізілетін бақылау аясында да жүзеге асырылады.