Мемлекеттік билік пен азаматтық құқықтардың нығаюы

Жаңартылған Конституция мемлекеттік биліктің құрылымын нығайтып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын заңдық тұрғыдан қорғауды қамтамасыз етеді. Құжат демократиялық институттарды дамытуға, билік ашықтығын арттыруға және азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне белсенді қатысуын кеңейтуге бағытталған.

Жаңа редакцияда азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктері күшейтіліп, қоғамдық бақылау жүйесі мен мемлекеттік органдардың есептілік қағидалары нақты көрсетілген. Конституцияның басты жаңалығы – билік пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілікті арттыру арқылы елде саяси тұрақтылық пен ашықтықты қамтамасыз ету.

– Жаңа Конституция күшті Президент институты мен Парламенттің есеп беретін қағидатына негізделген. Құжат халықтың рөлін күшейтіп, елде саяси тұрақтылықты сақтауға бағытталған. Бұл Конституция еліміздің алдағы дамуында маңызды рөл атқарып, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде өз нәтижесін беретіндігі сөзсіз, – дейді Облыстық мәслихат депутаты, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы филиалының басшысы Меруеш Башай.

Қанағат ЖИЕНҚҰЛОВА,

«QH»