Машина жасау — экономиканы индустрияландырудың ажырамас бөлігі
Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді. Қарағанды облысының жұртшылығымен кездесу барысында Президент Қарағанды экономикалық құндылығы жоғары, өндірістік қуаты мол өңір болып табылатынын атап өтті.
«Қарағанды облысы — еліміздің географиялық ғана емес, индустриялық орталығы. Өңірде Қазақстанның экономикалық әлеуетін дамытуда маңызды рөл атқаратын көптеген тау-кен-металлургия және көмір өндіру өндірістері бар.
Мұнда Республикадағы көмірдің үштен бірі және мыстың жартысына жуығы, болаттың 85% — дан астамы және жалпақ илектің 100%-ы өндіріледі. Облыс еліміздің өнеркәсіп секторының локомотиві болып табылады. Өңір қарқынды дамып келеді және экономиканың барлық салаларында тұрақты өсуді сақтайды», — деді мемлекет басшысы.
Айта кету керек, машина жасау экономиканы индустрияландырудың ажырамас бөлігі және мемлекеттің маңызды саласы болып табылады. Сала агроөнеркәсіптік кешен, энергетика және металлургия секторлары, көлік және басқа да негізгі салалар қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бұл көбінесе экономиканың материал сыйымдылығын, еңбек өнімділігін және елдің экономикалық қауіпсіздігін айқындайды. Соңғы 10 жылда саладағы өндіріс көлемі 4 есеге, инвестициялар — 2,5 есеге, экспорт көлемі 3 есеге жуық өсіп, $1,1 млрд құрады.
Сонымен қатар, сала жоғары мультипликативті әсерге ие. Яғни, өнеркәсіптің күрделі әртараптандырылған сегменті бола отырып, тұтастай алғанда экономиканың қалған салаларына мықты әсер етеді, бәсекеге қабілеттіліктің өсуіне және экономиканың күрделенуіне, техникалық прогреске және халықтың өмір сүру сапасының жалпы өсуіне ықпал етеді.
Байғабелов Ж.А,
«Maker» ЖШС Басқарма Төрағасы