Мамандықтар жылы

Мемлекет басшысы 2025 жылды еңбекқорлық пен кәсіпкерлікке баса назар аудара отырып, жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Мұны қазақстандық қоғамды жаңғырту жөніндегі өз саясатының негізгі бағыты ретінде белгіледі.

Білім — ел Президентінің ерекше назар аударған басты тақырыптардың бірі. Балабақшалардағы жан басына шаққандағы қаржыландыру әр отбасының нақты табысына байланысты болады. 2025 жылдың соңына дейін 217 жаңа мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Ыңғайлы мектептер үшін жеке басқару жүйесі қарастырылатын болады. Үш жыл ішінде қаржылық сауаттылық және цифрлық гигиена сияқты бағдарламалар пайда болатын тағы 1300 білім беру мекемесін жөндеу жоспарда бар.

— Мынау жолдаудың ең бір қатты мен мұндалап шақырып тұрғаны, ол менің өзімнің де арманым. Бұл келер жылды жұмыскер мамандарының жылы етіп жариялауы. Әрине осы жерде тұрған жеріміздің өзіндеде, айналамыздың бәрі жұмыскердің қолымен, таза еңбегімен жасалған дүниелер. Сондықтан мен өз басым, соңғы кездері ақ жағалыларды марапаттау, ақ жағалыларды төрден көріп болғанбыз. Ендігі кезек жұмыскерлердікі, мамандарды қолдау керек. Қолпаштау керек, олардың қас-қабағына қарау, пікірін білу маңызды, -деп  «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ Қарағанды облыстық филиалының төрайымы Майра Абдрахманова өз ойымен бөлісті.

Жоғары оқу орындарына, әсіресе медициналық оқу орындарына гранттар саны кезең-кезеңімен өсетін болады. Бұл ретте Президент мемлекеттік қаражатты барлық университеттерге шашуға болмайтынын, сондықтан оқу орындары бойынша гранттарды бөлу саясаты өзгеруі мүмкін екенін айтты. Жоғары білім ендігіде өндіріске көбірек байланысты болады. Президент елге сауатты және жоғары білікті мамандар қажет екенін атап өтті. Осыған байланысты кәсіптік оқыту колледждерін қайта құру жүргізіледі.

АЙДЫН ЖОЛҚҰТТЫТЕГІ, «QH»