Мадияр Серікбай – Азия чемпионы

Қарағандылық спортшы ММА бойынша Азия чемпионы атанды. Қазақстан командасы қарсыластарынан оныншы рет басым түсіп, ММА бойынша Азия чемпионатында бірінші орынды иеленді. Алтын медаль жеңіп алған қарағандылық Мадияр Серікбай ұлттық құраманың жеңісіне өз үлесін қосты.

IMMAF қамқорлығымен ММА аралас жекпе-жектен Азия чемпионаты Пәкістанда, Лахор қаласында өтті. Оған 12 елдің спортшылары қатысты.

ҚР Ұлттық құрамасына 38 жауынгер кірді. Отандық спортшылар «жастар» (18-20 жас) және «ересектер» (21+) жас санаттарында үздік атанды. Қазақстандық спортшылар мұндай жетістікке қатарынан 10-шы рет қол жеткізіп отыр. Ұлттық құрама қоржынында 7 алтын, 9 күміс және 10 қола жүлде бар.

Бірінші болып Қарағанды облысының атынан қатысқан Мадияр Серікбай алтын медаль жеңіп алды. Ол «жастар» дивизионында 61,2 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.