Мәслихаттар депутаттығына шығып қалғандардың орнына кандидаттардың НАЗАРЫНА
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабына сәйкес, «КЕНТ» Баспана үйі» ЖШС сайлау алдындағы үгіт аясында барлық мәслихат депутаттығына кандидаттар өздерінің сайлауалды материалдарыңызды «Qaragandy habary» газетінің сайтына бере аласыздар. Сайтқа орналастыру құны бір аптаға 15000 теңге тұрады. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға газет алаңын беруге бұқаралық ақпарат құралы басшысының атына жазылған жазбаша өтініш негіз болып табылады. Сайлау алдындағы материалдардың бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдары қаржыландыру көздері туралы ақпаратты қамтуы тиіс екенін еске саламыз.