«Мүлдем төзбеушілік» іс-шарасы
Қарағанды-Сұрыптсау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызмет ету аумағында ағымдағы жылдың 16-26 маусым аралығында «Мүлдем төзбеушілік» жедел профилактикалық іс шарасы өткізілуде.
Аталмыш іс шараның мақсаты азаматтардың құқықтық санасы мен мәдениетін арттыру, халықтың арасында тәртіпсіздікке және ұсақ құқық бұзушылықтың алдын-алу, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығына әсер ететін ұсақ құқық бұзушылықтарды ескерту және анықтау болып табылады.
Шара аясында теміржол вокзалдарында, көлік объектілерінде заңды қатаң сақтау, қоғамдық орындарды ластамау бойынша түсіндіру жұмыстары еңбек ұжымдарында сөз сөйлеулер жүргізілуде, сондай-ақ жолаушылар поездарында кездесулер өткізуле.
Қарағанды-Сұрыптау станциясы желілік полиция бөлімінің ақпараттық саясат тобы