Ұлттық құндылықтарды сақтау

«Бір қоғам: келісім және сенім». Қарағандыда Қазақстан халқы Ассамблеясының жобасы аясында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ассамблея хатшылығы өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген отырыс өтті. Ұлттық құндылықтарды сақтау шараларын талқылаумен қатар тақырыптық семинар-тренингтер өткізілді.

Қарағанды ​​облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін бағаламау мүмкін емес. Ассамблея қызметі бірегей. Қазақстан халқы Ассамблеясының аймақтағы қоғамдық-саяси жағдайда да, экономикалық тұрақтылықта да сіңірген еңбегі зор, сондықтан бүгінгі күні бұл мекемеге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының сектор меңгерушісі мен облыстық басқармалардың, полиция департаментінің, әділет басқармасының және этномәдени бірлестіктердің басшылары кездесуге келді. Басты мақсат – Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бір қоғам: келісім және сенім» жобасын жүзеге асыру барысын талқылау.

– Қоғамда жалпы, үлкен бір келелі, маңызды орын алатын шаралардың бірі, бұл қоғамдағы келісім, жалпы сенім мәселесіне арналады. Яғни Қазақстан Республикасында бәріміз білетіндей жүзден астам ұлт бар. 18 діни конфессия бар, солардың арасында алға апаратын мәселе, татулық, халық достығы, бұл үлкен маңызды шара болып есептеледі, –деді Қарағанды зерттеу университетінің аға оқытушысы Руслан Тоқатов.

Ұлттық құндылықтарды одан әрі сақтау, насихаттау және мемлекетке деген сенімді нығайту жайын мәжілісте талқылаған мемлекеттік орган мен лауазымды тұлғалар. «Адал азамат» ұғымы ұсақ-түйек істерден басталатыны атап өтілді. Лугмар Буларов күн сайын халықпен жұмыс жасайтын мекеме қызметкерлерін барынша дұрыс жүруге, өтініш-тілектерді назардан тыс қалдырмауға шақырды. Егер қызметкер мәселені шеше алмаса, шешу алгоритмін ұсынуы керек.

– Мұның нәтижесінде, бұл тек Қарағанды облысында ғана емес, негізгі пилоттық жоба ең алғаш Тараз шаһарынан басталған болатын. Сол Тараз шаһарында оннан астам, ауылдар мен елдімекендерді аралап, солардың арасында осы мәселелер түсіндірілді. Енді бүгінгі күні ат табанын Қарағанды шаһарына тіреп отырмыз. Мемлекеттік қызметкерлерге түсіндіру жүмыстары жүргізілді, – деп түсіндірді Руслан Тоқатов.

Жоба аясында мемлекеттік қызметтің әртүрлі бағыты бойынша мамандар үшін тренингтер өткізілді. Қорытындылар бойынша алдағы жұмыста қарастырылатын және ескерілетін ұсыныстар қалыптастырылды.

Жұпар ТОНТАЙТЕГІ,                                    

«QH»