Әлихан Смайылов Премьер-министр қызметіне тағайындалды

«Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалсын», – делінген Жарлықта.

Еске салайық, 5 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберу туралы Жарлыққа қол қойды. Әлихан Смайылов Премьер министрдің міндетін атқарушы болып тағайындалған еді.

Айта кетейік, Әлихан Смайылов 2015 жылдан бері Мемлекет басшысының көмекшісі қызметін атқарған болатын. Оған дейін 2009- 2014 жылдар аралығында Қазақстан Статистика агенттігінің төрағасы болды. Осы күнге дейін екі рет Қаржы министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ал 2019 жылдан Үкімет отставкаға кеткенге дейін Қаржы министрі болды. 2019 жылы 25 ақпаннан бастап Премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі қызметіне мақұлданды.

Айта кетейік, Әлихан Смайылов 2015 жылдан бері Мемлекет басшысының көмекшісі қызметін атқарған болатын. Оған дейін 2009- 2014 жылдар аралығында Қазақстан Статистика агенттігінің төрағасы болды. Осы күнге дейін екі рет Қаржы министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ал 2019 жылдан Үкімет отставкаға кеткенге дейін Қаржы министрі болды. 2019 жылы 25 ақпаннан бастап Премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі қызметіне мақұлданды.

Ол 1972 жылы дүниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша бітірген. 1996 жылы ҚМЭБИді бітіріп, мемлекеттік басқару магистрі дәрежесі берілді. Әлихан Смайыловты Президент кездесулері кезінде Ақорданың баспасөз қызметінің суреттерінен жиі көруге болады.

Смайылов еңбек жолын 1993-1995 жылдары «А-Инвест» инвестициялықжекешелендіру қорында бас маман лауазымынан бастаған.

1996 жылы ҚР Ұлттық статистика агенттігі басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы болды. 1998 жылғы наурыз-сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары болды.

1998-1999 жылдары Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, бөлімнің экономикалық секторының меңгерушісі болды.

1999 жылдан 2003 жылға дейін Қазақстан Статистика агенттігінің төрағасы болып жұмыс істеді. 2003 жылғы ақпан-шілде аралығында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер вице-министрі болды.

2003-2006 жылдары «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы болған.

Екі рет Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі болып тағайындалды (2006-2007 және 2008- 2009 жылдары).

2007-2008 жылдары «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ президенті болды.

2009 жылы Статистика агенттігінің төрағасы болып қайта тағайындалды. Қызметін 2014 жылға дейін атқарды. 2014-2015 жылдары Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

2015 жылғы желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

2019 жылғы ақпанда Мәжіліс Премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі лауазымында Әлихан Смайыловтың кандидатурасын мақұлдады.

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» медальдарымен марапатталған.

Сондай-ақ Қазақстанның жаңа Премьер-министрі Әлихан Смайылов Мемлекет басшысынан тапсырма алды.

«Экономикалық блог соңында айта кетейін, бүгін жаңа Премьер-министрді тағайындадық. Біз бірқатар нақты міндет қойдық. Премьер-министрге үш апта ішінде 2022 жылға арналған Үкіметтің іс-қимыл бағдарламасын дайындауды тапсырамын. Оны ақпанның басында Үкіметтің кеңейтілген отырысында қарастырамыз», – деді Тоқаев Мәжіліс отырысында.

Аружан АЛПЫСБАЙ,

«QH»