Әлем кубогынан алтынмен оралды

Қазақстандық спорт тарихында алғаш рет қарағандылық спортшы Дарья Ясинская Сомбатхей қаласында (Венгрия) спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде алтын алды. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері тірек секіруде үздік атанды.

Дарья Ясинская 4 жасынан бастап спорттық гимнастикамен айналыса бастады. 20 жасқа қарай Қарағанды гимнастика мектебінің тәрбиеленушісі көптеген марапаттарға ие болды. Ол Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі Халықаралық турнирлердің жеңімпазы, Қазақстанның абсолютті чемпионы.

Гимнасттың тәлімгерлері – Марина Тациева мен Наталья Альхова.

– Дарьяның әлем кубогындағы қарсыластары өте мықты болды. Екінші орынды Венгриядан келген гимнаст, үшінші орынды австралиялық спортшы алды. Жалпы, Дарья өте еңбекқор, әрқашан алдына жоғары мақсаттар қояды. Мұндай жарыстардағы ең маңыздысы – толқуды жеңу. Ол осы сезімді жеңе алды, оның жоғары нәтижесімен мақтанамыз. Бірақ демалуға уақыт жоқ. Бүгін Дарья Венгриядан Алматыға Қазақстан чемпионатына ұшып барады, – деді жаттықтырушы Марина Тациева.

Қарағанды облысының спорт және дене шынықтыру басқармасының ақпараты негізінде