Кенші арифметикасы
Жер астында тер төккен – қарағандылық Әбсатовтар әулетінің жалпы отбасылық еңбек өтілі 300 жыл. Бұл жанұяда бірнеше ұрпақ шахтада еңбек етуде. Әулеттің ұлы да, қызы да тау-кен саласын таңдаған.
Кеңес Әбсатов 1976 жылы шахтаға кенші болып жұмысқа орналасты. Одан кейін электровоз машинисі мамандығын алып, осы қызметте 2007 жылға дейін еңбек етті. Шахтадағы жұмыс қиын әрі қауіпті. Кеңес Әбсатов денсаулығына байланысты зейнеткерлікке шықты. Оның еңбек өтілі 30 жылдан астам. Кеңес Әбсатов ағасының жолын қуып кенші болып орналасты. Дәл осы 1971 жылы кеншілер әулетінің дәуірі басталды.
– Менің үлкен ағам Жампейісов шахтаға бірінші болып жұмысқа орналасты. Бұл 1971 жылы болды. Содан кейін ол бізді, кіші інілерімді, мені, Сембек пен Маралды шақырды. Біз бәріміз Шахтинск қаласында тұрып, отбасы құрдық, – дейді ардагер кенші Кеңес Абсатов.
Кеншінің жұбайы Рымбала Әбсатова 1979 жылы шахтаға заң кеңесшісі болып жұмысқа орналасып, 2008 жылға дейін еңбек етті. Олардың арасында кеніштегі жалпы еңбек өтілі 60 жылды құрайды.
– Біз әрқашан біргеміз, бәріміз бір-бірімізді қолдаймыз. Менің жұбайымда 2 және 3 дәрежелі 2 тау-кен даңқы ордені бар. Біздің ұлымыз Сембек те сол салада жұмыс істеді. Оның әйелі Гайни шам ұстаушы болды. Олардың жалпы еңбек өтілі шамамен 48 жыл, – деп атап өтті ардагердің жұбайы Рымбала Әбсатова.
Қазір кеніште Әбсатовтар отбасының үлкен ұлы Талғат жұмыс істейді. Ол 1998 жылы шахтаға желдету және қауіпсіздік бөлімінің тау-кен шебері болып жұмысқа орналасты. Ол әлі күнге дейін әкесімен бір шахтада жұмыс істейді. Оның жалпы еңбек өтілі қазірдің өзінде 25 жыл. Жалпы Кеңес Әбсатовтың 4 баласы бар. Қалған балалары Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітіріп, әрқайсысы өз мамандығы бойынша өндірістік кәсіпорындарда жұмыс істейді.
– Мен шахтер болу үшін шахтаға барған жоқпын, денсаулықты сақтау керек. Ата-аналар біздің жоғары білім алғанымызды қалады. Біз қарындасым екеуміз, Қарағанды университетінде жоғары білім алдық. Сондай-ақ менің үлкен ағам Талғат бар, ол ата-анасының ізімен жүрді, – деді кенші Ардақ Әбсатов.
Әбсатовтар әулетінің жалпы тәжірибесі 300 жылға жуықтады. Аталмыш отбасы кәсіптерінің қиындығын да, қуанышын да жақсы біледі. Осыған қарамастан, олардың әрқайсысы ортақ іске өз үлестерін қосып, ата-баба ісін жалғастыруды мақтаныш көреді.
ЖҰПАР АМАНБАЙҚЫЗЫ, «QH»