КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛДАУ КҮШЕЙЕДІ

Президент жолдауында цифрландыру,жасанды интеллектіге ерекше назар аударды. Бұл орынды көтеріліп отыр деп есептеймін. Біріншіден Цифрлық кодекс әзірлеуді және екіншіден осы мәселеге байланысты министрлік құруды тапсырды. Министрлік басшысы Премьер-министрдің орынбасары ретінде бекітілетінін айтты. Қазір әлғмдегі жағдайға қарасақ, барлық елдер осы мәселемен айналысып жатыр. Сондықтан Қазақстан артта қалып кетпеуі керек. Тағы бір маңызды тұсы — Жолдаудың төрттен бір бөлігі инвестицияға арналды. Инвсетиция экономиканың дамуына өте үлкен ықпал береді. Шетелдік инвестицияны тартқан дұрыс. Бірақ өзіміздің кәсіпкерлер де бұл істен шет қалмауы керек деп ойлаймын. Өйткені әр кәсіпкер өз бизнесінің дамығанын қалайды. Сондвқтан ол өзіне өзі инвестиция салуға, соған қолайлы жағдай жасау қажет. Президенттің осы мәселені көтеруі тиісті жағдай жеткіліксіз екенін көрсетеді. Бұл мәселемен екінші деңгейлі банктер де айналысуы керек деп биыл да айтты.

Сондай-ақ өнімді қайта өңдеу де назардан тыс қалған жоқ. Бізде инвестиция көбіне шикізат өндіруге тартылады ғой. Енді осыны өңдеу өнеркәсібіне бағыттау туралы тапсырма берілді. Бұл да өте дұрыс бастама.
Шағын және орта бизнес елдегі ішкі өнімнің 40 пайызын беріп отыр. Бұл өте жақсы көрсеткіш дегенімізбен көңіл көншітпейді. Бізде өңдеумен айналысатын кәсіпкерлер аз. Осыған мемлекет тарапынан қолдауды күшейту мақсатында заңнаманы қайта қарап, жаңғырту қажет деді. Бұл жұмыс тұрақты трде жүргізу қажет деп санаймын. Сонымен қатар жөнсіз тексеріс, бюрократияны тыюды міндеттеді. Бизнесті дамыту институттарының жұмысын реформалау туралы айтты. Бизнесті дамыту үшін мұндай қамқорлық ауадай қажет.
Президент назарына іліккен ткғы бір мәселе — жер. Бизнес үшін жер алу қиын. Бюрократия, қағазбастылық көп. Заңнамаға өзгеріс енгізуді уақыт талап етіп отыр. Оның ішінде жер беруді толық цифрландыру қажет.
Жолдау соңында Президент саяси реформаларды тілге тиек етті. Бір палаталы Парламент болатынын айтты. Маған ұнағаны, Мемлекет басшысы қашанда халықпен санасатынын тағы бір көрсетіп, референдумда шешетінін мәлімдеді. Бұл да еліміздің саяси өміріндегі оң бастама болуға тиіс.

Серік САНАУБАЕВ,

Қарағанды облысы кәсіпкерлері қауымдастығының директоры.