Көше көлігі
Қала көшелерінде электрсамокатпен зулай жөнелгендерге көз үйрене бастады. Алғашқыда қызыға қарайтын едік. Ал қазіргі таңда өздігінен қозғалатын жүріс құралы көзге үйреншікті болып барады. Жәй самокаттардан бастап электр қозғалтқышы бар самокаттардың тарихы қалай болды, білген қызық.
Самокат – бұл адам басқаратын, руль және дөңгелектері бар, аяғымен жерден итеріп жіберетін көше көлігі. Соңғы уақытта әлемде электрсамокаттар кеңінен қолданыла бастады, олар үшін негізгі пайдалану әдісі электр қозғалтқышы. Сондай-ақ самокаттар тек жеке көлік ретінде ғана емес, сонымен қатар бос уақытты өткізу үшін, спорт және дене шынықтыру үшін де қолданылады. Әртүрлі параметрмен ерекшеленетін самокаттардың бірнеше түрі бар, бірақ қозғалыс принципі өзгеріссіз қалған. Самокатты алғаш рет 1761 жылы Германияда вагон жасаушы Майкл Касслер жасаған. Кейінірек оны Барон Карл Дрез жетілдіріп, өзгерістер енгізді. Мұндай самокаттар Франция мен Англияда танымал болды. 1819 жылы ағылшын өнертапқышы Денис Джонсон екі жыл бұрын Барон Карл Дрез ойлап тапқан самокаттың жетілдірілген нұсқасын патенттеді. Доңғалақтардың диаметрі 30 дюйм және мұндай самокаттың салмағы шамамен 30 келі болды. Қозғалыс тәсілі велосипедке ұқсас. Ол үшін сіз екі аяғыңызбен жерді кезекпен итеруіңіз керек.
Ал самокаттардың түріне келетін болсақ, олар әртүрлі. Балаларға арналған самокаттар ойындарда және серуендеуде қолдануға арналған. Әдетте балалар самокаты ашық түстермен боялған және суреттермен безендірілген. Қоңырау немесе клаксон және сәндік жарықтандыру жүйесі болуы мүмкін. Одан кейін қаладағы жүріске арналған қалалық самокаттар бар. Қалалық самокаттың дөңгелек диаметрі 150-ден 270 миллиметрге дейін, бұл өте жоғары жылдамдықты дамытуға және жолдың ұсақ соққыларын жеңуге мүмкіндік береді. Одан бөлек дёрт-самокат, сноу-самокат секілді түрлері бар. Кейінірек осы бір жүріс құралдарына электр қозғалтқышы орнатыла бастады. Оны орнату арқылы енді самокатты аяқпен итеріп керек емес еді. Өздігінен жүретін самокат адамдарға да ыңғайлы болды. Өздігінен қозғалып қана қоймай, үлкен жылдамдыққа дейін жетті. Көптеген компания трендті қабылдап, жиналмалы рульі мен жабық артқы дөңгелегі бар машиналар шығара бастады. Самокаттарды дамытуды бірінші болып американдықтар, одан кейін немістер алды. Ағылшын инженерлері де ерекшеленді. Осылайша электр самокаттары барша әлемді жаулады. Қазір қаламыздың кез-келген жерінен осы бұр құрылғыларды кездестірсеңіз болады.
– Электрсамокат сатып алуға екінің бірінің жағдайы келе бермейді, бірақ жыл сайын Қарағанды көшелерінде оны тізгіндегендердің үлесі артып келеді. Аталған көлік түрі, алғашқыда тек алматылықтардың қызығушылығына ие болған. Бұл түсінікті, кептелістен құтылудың амалы ғой. Мұндай оңтайлы мүмкіндікті мүлт жібермейтін кәсіпкерлер самокаттарды жалға беру орындарын Қарағандыда ашуға асықты. Осы арқылы оқуға да, жұмысқа да барамын, – дейді қала тұрғыны Әділет Нығмет.
Жұпар ТОНТАЙТЕГІ, «QH»