«Күміс жас» жобасы
«Күміс жас» жобасының қатысушылары зейнеткерлік жас алдындағы жұмыссыз тұлғалар болып табылады.
Жобаға бір жылдан астам уақыт жұмыс істейтін және тұрақты салық және басқа да әлеуметтік аударымдар жүргізетін, сондай-ақ жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар қатысатын болады.
«Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі 12 айдан аспайды және қатысу кезеңінде Халықты жұмыспен қамту орталығы бюджет қаражаты есебінен зейнеткерлік жас алдындағы адам жалақысының бір бөлігін субсидиялайды, бұл ретте өту кезеңі еңбек өтіліне есептеледі.
Жалақыға берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып, экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, жалақы мөлшерінің 50% — ын құрайды, бірақ 30 АЕК-тен аспайды.
Қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші зейнеткерлік жас алдындағы адамды зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыра алады.
Жобаға қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1. Жобаға қатысуға өтініш
2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
3. Еңбек кітапшасы (бар болса)
4. Диплом (бар болса).