Күйдіргі ауруы бойынша оқу-жаттығу жүргізілді
Аса қауіпті және карантиндік инфекциялар, оның ішінде күйдіргі ауруы тіркелгендей жағдайда медициналық ұйым дәрігерлерінің емдік- диагностикалық және эпидемияға қарсы алдын алу шараларын жүргізуде дайындықтарын күшейту мақсатында 2022 жылғы 15 сәуірде Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданның Санитариялық- — эпидемиологиялық бақылау басқармасы «№ 5 Емхана» КҚМ базасында, ҚО «ҰСО» филиалы қатысуымен «Күйдіргіге күдіктіні анықтау барысында медициналық қызметкерлер іс-әрекетінің алгоритмін меңгеру» тақырыбында оқу-жаттығу шараларын өткізді.
2022 жылы Қазақстан Республикасының Ақмола облысында күйдіргі ауруының 1 жағдайы тіркелді, Қарағанды облысы бойынша жағдай тіркелген жоқ.
Сібір күйдіргісі — көбінесе тері қабаттарын, сонымен қатар ішек және өкпені зақымдайтын, тез өршитін аса қауіпті ауру.
Адам сібір күйдіргісін ауру жануарларды баққанда, оларды сойғанда (етін бұзғанда, терісін түсіргенде және өңдегенде), ауру малдың етін, сүтін пайдаланғанда жұқтырады.
Аурудың тері формасы басталғанда науқастарда таяқша енген жерде (бетінде, мойнында, қолдарында) 2–3 күннен кейін қызыл түсті дақ пайда болады, келесі 2 күннен кейін ол карбункулға (жараға) айналады. Науқастың жалпы жағдайы нашарлайды, дене қызуы 39–40 градусқа дейін көтеріледі, бас ауруы, тәбеттің болмауы, лоқсу, кейде құсу симптомдары қосылады.
Оқу-жаттығу жұмыстарының негізгі мақсаты — аудан аумағына 2022–2026 жылдарда аса қауіпті және карантиндік жұқпалардың енуі мен таралуы оқиғасын болдырмау жөніндегі індетке қарсы санитариялық қорғау шараларының кешенді жоспарының нақты іске асуын тексеру, санитариялық- эпидемиологиялық қызмет, емдеу- профилактикалық ұйымдары және басқа да мүдделі қызметтердің халық арасында күйдіргі ауруының таралуына қатысты індетке қарсы профилактикалық және ұйымдастыру шараларын жүргізу барысында өзара іс-қимыл әрекетін бірлесіп меңгеру.
Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының Санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасы