Jumys Tap

Қарағанды облысы еңбек мобильділігі орталығының қолдауымен Jumys Tap жобасы аясында Қарағанды тағам және сервис колледжінде қысқа мерзімді оқыту бағдарламасының алғашқы ағымы басталды.

Бірінші ағымда екі дағдыны меңгеру бойынша 20 оқушы оқуды бастады: кондитер және аспазшы.

– Біздің колледж базасына Jumys Tap жобасы бойынша алғашқы қатысушылар келді. Олар кондитер және аспазшы мамандықтары бойынша оқытылады. Бірінші күні жобаға қатысушылар кіріспе курстан өтіп, қажетті құжаттар толтырылды. Оқу соңында оларға мемлекеттік үлгідегі куәлік беріледі, – деп атап өтті Қарағанды тағам және сервис колледжі директорының оқу өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Диляра Апсалямова.

Еске сала кетейік, Jumys Tap жобасы аясында оқыту толығымен тегін. Оқу нәтижелері бойынша қатысушылар мемлекеттік сертификат алады.

Қысқа мерзімді оқыту туралы қосымша ақпаратты кеңес беру пункттері Қарағандыда («Таир» СО, «Ұмай» СО, Пришахтинскідегі «Ёжик» супермаркеті) және Теміртауда (6-шы ш/а базарда) орналасқан.

Мансап орталықтары мен Jumys Tap жобасы бойынша толық ақпараттарды 60-50-50 нөмірі арқылы білуге болады.

Құралай ӘЛЖАППАР, «QH»