Ит алаңындағы жанжал
Қарағандыда ит серуендетуге арналған алаңға байланысты жанжал туындады. Шамамен 6 жыл бұрын салынған алаңдардың орнына спорт кешені салынбақ. Тұрғындар мен билік өкілдерінің кездесуі қалай өтті?
Қарағандылық Светлана Березовая – ит иесі. Күні кеше Карбышев, 5 мекенжайында үй жануарларын серуендетуге арналған алаңды алып тастап, оның орнына спорт кешені салынатынын біліп таң қалған. Светлананың айтуынша, үйреншікті орын үшін шағым айтуы орынсыз емес.
– Біз алаң мәселесі жөнінде жиналып тұрмыз. Бұл алаңның салынғанына шамамен 7-8 жыл болды. Тұрғындармен де, ит иелерімен де тамаша қарым-қатынастамыз. Бұл алаңның орнына жақын арада басқа жер тауып бере қоятындарына күмәнмен қараймыз. Жайлы ортамыздан айырылып қалғымыз келмейді. Егер бәрі өзгеретін болса, жұмыс көбейіп кетеді. Көше аралап жүргіміз келмейді, – дейді Светлана Березовая.
Ит иелерімен кездесуге мәслихат қызметкерлері және құрылыс компаниясының өкілдері келді. Олар тұрғындарға ит серуендететін аумақтың заңсыз екенін, жекеменшікте тұрғанын түсіндіріп, алаңды жақын жерге көшіретінін айтуда.
– Алаңдайтын ештеңе жоқ. Бұл кісілерге берілетін жаңа алаң осыдан 70-80 метр жерде ғана тұр. Оған қоса мына алаң заңсыз жерде орналасқан және барлық құжат қолымызда тұр. Көшіруге келіссе дейміз, – деп атап өтті құрылыс салушылар өкілі Бақтияр Бекмұрзаев.
Маңайда қалыпты жол, топырақ және құрылыс жоқ, жаяу жүргіншілер алаңы жаңадан көшетін жер осылай көрінеді. Тұрғындарға учаскенің орналасуы жөнінде 2 нұсқа ұсынылды. Біріншісі – құрылыс алаңы мен тұрақты жұмыс істейтін құрал-жабдықтардың жанындағы бос алаң, екіншісі – көлік тұрағы жанындағы жасыл алқаптар.
– Мына жерге ешқандай құрылыс салынбай тегіс жатуы керек. Құрылыс жұмыстары басталғалы, жүретін жер жоқ. Бізді басып жүре ме, қалай өзі? «Камаздар» да айналшықтап шықпайды. Жаңадан басқа алаң саламыз дейді, оны қалай түсінуге болады? Түсінбеймін, – дейді Светлана Березовая.
Талқылау нәтижесінде алқапты жасыл алаңдары бар аумаққа көшіру жөнінде шешім қабылданды. Әзірлеуші өкілдің айтуынша, барлық тасымалдау жұмыстары жұмыс басталған сәттен бастап 10 күн ішінде жүзеге асырылады. Олар барлық снаряд пен техникаларды тасымалдайды, сонымен қатар азаматтардың қолайлылығы үшін жағдай жасайды. Мұның барлығын әзірлеушінің өзі қаржыландырады. Мұның алдында жаңа алаңды күтіп ұстау мен абаттандыру тұрғындардың мойнында болған.
– Біз тұрғындармен енді барлық жағдайды бақылайтын болып шештік. Жаңадан көшетін жер жайлы болуы керек. Ит қожайындарына қолайлы болса болды. Сосын жасыл алаңдарға зақым келтіртпейміз, барлығын бұрынғыдай күтіп ұстайтын боламыз, – дейді Бақтияр Бекмұрзаев.
Айдын ШАЛАТАЙҰЛЫ, «QH»