Исламның басты құндылығы-өмір сүру

Алматы қаласы Медеу ауданы «Аманқұл ата» мешітінің бас имамы Серікхан Ахмадиев медицинаға деген сенім исламның негізгі ұстанымдарының бірі деп санайды.



Ол денсаулығына жеңіл-желпі қарайтындарға қарсы пікір айтып жүрген дін қызметкерлерінің бірі.

Шариғат бойынша, қажет болған жағдайда вакциналауға рұқсат етіледі. Алайда, біздің ғалымдардың пікірінше вакцина салдыру әр азаматтың өз еркінде.

Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы барша адамдарды коронавирус инфекциясының таралуын тоқтату үшін екпе алуға шақырды.