Ишара тілі күні

Жыл сайын 23 қыркүйекте Ым-ишара тілі күні атап өтіледі. Осыған байланысты Саңыраулар мәдениет үйі барлық тілек білдірушіге театрландырылған қойылым дайындады.

Жыл сайын 23 қыркүйекте Дүниежүзілік Ым-ишара тілі күні атап өтіледі. Бұл түсіндіру қабілеті, есту қабілеті нашар адамдардың қарым-қатынасында маңызды рөл атқарады. Бұл оларға өз ойлары мен сезімдерін білдіріп қана қоймай, әлеуметтік және мәдени өмірге белсенді қатысуларына мүмкіндік береді. Ым-ишара тілі – өз жеке грамматикасымен, лексикасымен және ережелерімен ерекшеленетін толық қарым-қатынас жүйесі. Есту қабілеті нашар адамдарға қолдау көрсету үшін ашылған көптеген ұйым бар. Біз саңыраулар мәдениет үйімен байланыса алдық, онда осы проблемасы бар адамдар өз идеяларын дамытуға және жүзеге асыруға мүмкіндік алады.

– Дүниежүзілік ым-ишара тілі күні біздің мәдениет үйімізге биыл 62 жыл толады. 2 жыл бұрын 60 жылдығымызды жоғары деңгейде өткіздік. Өкінішке қарай қазір есту қабілетінен айырылған адамдар жоқ емес, бұған дейін де болған. Кейбір адам оларға назар аударғысы келмейді. Бірақ біз олардың арасына алтын көпір болу мақсатында жыл сайын ауқымды жұмыстар атқарамыз. Бізде есту қабілетінен айырылғандарға арналған төрт орталық бар. Еркеше жандарға арналған шаралар бізде жиі өтеді. Барлығын оларға түсінікті тілмен жеткіземіз, – деді Саңыраулар мәдениет үйінің басшысы Әсет Әмірбеков.

Ым-ишара тілі – адамды ұлтқа бөлмей араласатын әмбебап қарым-қатынас тілі, бұл дамуға үлкен мүмкіндіктер ашады, дейді Мәдениет үйіндегілер. Адамдардың бір-бірін ыммен түсінуі таңғажайып нәрсе. Бұл күрделі қарым-қатынас тілін үйрену есту қабілетінен айрылған адамдарға қиынға соқпайды. Мұның бәрі ақпаратты қабылдау психологиясымен байланысты. Өкінішке орай, Қарағандыда бұл тілді оқытпайды, сондықтан да бізде нашар еститіндерге қоғамға бейімделу қиынға соғады.

– Есту қабілетінен айырылған адамдар бәрін түсінгенмен бәрібір психологиялық тұрғыдан басқаша дамиды. Айналып келгенде бәрі менталды жағдайға кеп тіреледі. Мұның бәрін түсіну үшін бізде істейтін қызметкерлерге олармен бірге өмір сүру керек, қасында болу керек, олардың ішкі жан дүниелеріне өту керек. Оның үстіне біздің мемлекетте ерекше жандарға арналған ым-ишарамен сөйлесе білу қабілетін үйрететін мектеп жоқ. Қазірше ортаға байланыс орнатып тұрған тек біз ғана. Бұл тілді жетік меңгерген де адамдар бар. Бұрын Қарағандыда ондай мектеп болған әрине. Келеңсіз жағдайларға байланысты жабылып қалды, – дейді Әсет Әмірбеков.

Мереке адамдардың назарын есту қабілеті нашар адамдардың проблемаларына аудару үшін және мұндай адамдардың таным-түсінігі көпшіліктен кем еместігін, керісінше тереңірек екендігін көрсету. Олардың амбициялары, тілектері мен мақсаттары біздікінен бөлекше. Олар кіршіксіз сүйіп, жағымпаздықсыз жанашырлық танытып, шынайы қолдау көрсете алады. Бәріміз біртұтас болайық және үнемі жақсы адам болуға ұмтылайық!

Қанағат ЖИЕНҚҰЛОВА, «QH»