Өңірлік кеңес
Қаламызда өңірлік кеңес құрылды. Оның құрамына жеке кәсіпкерлер, мәслихат депуттары мен қоғам белсенділерінен құралған 15 адам кіреді.
Демократиялық партиялардың бірінің өңірлік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс жұмысына Орталық аппаратының басшысы Жанат Ысқақов қатысты.
– Партияда экономикалық даму жайлы ойлайтындардың болғаны маңызды. Шақырғандарыңызға рақмет. Алға қойған мақсаттарға жетеміз деп үміттенемін. Осы партияның әр мүшесіне алғысымды айтамын. Қаламыздың өміріне белсене қатысып жүрсіздер. Алғысым шексіз, – деді Орталық аппарат басшысы Жанат Ысқақов.
Өңірлік кеңес бизнесті жақсарту, әкімшілік кедергілерді азайту және экономиканың түрлі бағыты мен салаларында қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі идеяларды қалыптастыру үшін сараптамалық алаң болуды мақсат етеді. Отырыста «Новое поколение» қайырымдылық қорының кеңесшісі сөз сөйледі, ол қатысушыларға қайырымдылыққа қосылу туралы ұсыныспен жүгінді.
– Біз денсаулық сақтау мамандарына жүгіндік, бізге мұндай балаға көмектесу мүмкін емес деген баға берілді. «Новое поколение» қорына жүгіндік. Қор бір жыл ішінде 15 миллион соманы жинап, балаға көмек көрсетті және кішкентай бала жылап тұрып алғысын айтты, – дейді «Новое поколение» қайырымдылық қорының кеңесшісі Заманай Аринов.
Балалар үйінің түлегі болған блогер мен еріктінің айтуынша, Қор бір жыл ішінде азық-түлікпен, киіммен, дәрі-дәрмекпен көмектесіп, Қарағанды облысының 200-ден астам отбасына көмек қолын созған.
Қанағат ЭДУАРДҚЫЗЫ,
«QH»