Халықтың табысын арттыру бағдарламасында 1 млн-нан астам бюджет саласы қызметкерлерінің, квазимемлекеттік сектордың, өндірістік персоналдың еңбек ақысын көтеру.
Оның 250 мыңнан астамы Қазақстандағы ең ірі жұмыс беруші – «Самұрық-Қазына» қорының құрамына кіретін компанияларда қызмет атқарып жүрген өндірістік сала жұмысшылары.
Бұл Ұлттық әл-ауқат қорының құрамына кіретін компанияларда қызмет атқарып жүрген қарапайым қызметкерлер: темір жолшылар, байланыс, пошта қызметкерлері, операторлар, кен өндірушілер және т.б.
Одан басқа, мемлекеттен қолдау алатын бизнеске нақты міндеттемелерді белгілеу арқылы, ондағы 2,8 млн қызметкердің жалақысын арттыру қарастырылған.
Бұл «Самұрық Қазына» қорының мердігерлер компанияларында еңбек ететін жұмысшыларға де тікелей қатысты.
Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы бүгін ұлттық компаниялардың басшылары баяндайды.
©️ Ералы Тоғжанов, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары