«Халықпен бірге!»: Жаңа мектеп – жаңа мүмкіндіктер алаңы
«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Талды ауылында салынған жаңа тұрғындарды толғандырған маңызды мәселенің нақты шешіміне айналды. Бүгінде бұл білім ошағы заман талабына толық сай келеді.
Бұған дейін оқушылар тозығы жеткен ескі мектеп ғимаратында білім алған еді. Сондықтан балалардың қауіпсіз жағдайда сабақ оқи алуы – ауыл тұрғындары тарапынан көтерілген өзекті әлеуметтік мәселелердің біріне айналды. Осылайша «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы азаматтарды алаңдатқан түйткілді мәселенің түйінін тарқатты. Нәтижесінде Талды ауылындағы балақайлар заман талабына сай келетін жаңа мектепте сапалы білім алуда.
Жобаны жүйелі жүзеге асыру арқылы, ең алдымен оқушылар үшін қауіпсіз білім беру ортасы қамтамасыз етілді. Ал мектеп қабырғасындағы заман талабына сай жабдықталған кабинеттер – оқушылардың сапалы білім алуына берілген маңызды мүмкіндік.
Тұрғындарды толғандырған нақты мәселелердің шешілуі – партия тарапынан атқарылып жатқан жүйелі жұмыстың жарқын нәтижесі. Мектеп директоры Мақсат Оспанқұловтың айтуынша, жаңа мектеп – ауыл балалары үшін жаңа мүмкіндіктер алаңы. Бүгінде оқушылардың сапалы білім алуына және жан-жақты дамуына қажет барлық жағдай жасалып отыр.
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы ел аумағында кезең-кезеңімен жүйелі жүзеге асырылады.

