«Халық қатысатын бюджет» – қала тұрғындарына мүмкіндік

2021 жылы қала бюджеті қалай бөлінді? Қала дамуы үшін қандай жобалар іске асырылуда? Бұл сұрақтарға жауап алу үшін газетіміздің кезекті сұхбатын «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы АПАКАШОВА Айнұр Қабдрашқызынан алдық.

 

— Айнұр Қабдырашқызы, былтырдан бері коронавирус пандемиясының салдарынан еліміз күрделі кезеңді өткеруде. Осы жағдайда қала дамуының ағымдағы жылдың өткен 9 айдың қорытындыларымен таныстыра кетсеңіз.

— Ағымдағы жылдың 9 айында экономиканың нақты секторына келетін болсақ, өндірілген өнім көлемі 436 млрд 980,4 млн. теңгені немесе 2020 жылғы көрсеткішке қарағанда 135,1% құрады, оның ішінде:

— тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу бойынша 8 млрд. 211,7 млн. теңге немесе жоспарға қарағанда 109,5% және 2020 жылғы көрсеткішке қарағанда 128,1%.

Ірі және орта кәсіпорындар бойынша өнім көлемі – 310 млрд 251,1 млн. теңгені немесе 2020 жылғы деңгейге қарағанда 151,3% құрады.

Есепті кезеңде инвестициялар көлемі 131 млрд. 109,9 млн теңге сомасында орындалуда, бұл жоспарланған көрсеткіштен 11,8%- ға жоғары.

Инвестициялардың ең көп көлемі төмендегі кәсіпорындардан қалыптасты:

— «КазКарбон» ЖШС бойынша – 26,5 млрд. теңге;

— «Евразиан Фудс» АҚ бойынша – 1,2 млрд. теңге;

— «Эгофом» ЖШС бойынша – 690 млн. теңге;

— «Эфес Қазақстан» ЖК АҚ бойынша – 1,6 млрд. теңге.

Бұдан тыс, шағын және орта бизнесте ірі жобалар жүзеге асырылуда.

Ағымдағы жылдың 9 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін жоспарлы 10 млрд.153,5 млн. теңге деңгейінде немесе өткен жылдың деңгейіне қарағанда 105% орындау күтілуде.

Құрылыс саласына тоқталсақ:

Ағымдағы жылғы қаңтарқыркүйекте 222,8 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді немесе өткен жылғы деңгейге қарағанда 112,8%, оның ішінде: коммерциялық тұрғын үй есебінен 177,7 мың ш.м. (79,7%) және ЖТҚ есебінен 45,1 мың ш.м. (20,3%).

Есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 110 млрд. 980,7 млн теңгені құрады және өткен жылдың деңгейіне қарағанда 184,8%.

Ағымдағы жылдың 9 айында жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 43 265 бірлікті немесе 2020 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 105% құрайды (41 196).

Есепті кезеңде бөлшек тауар айналымы 641 млрд. 528,8 . теңге деңгейін құрады, немесе 2020 жылғы көрсеткішке қарағанда 110,4%.

Ағымдағы жылдың тоғыз айында 5 345 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 9,6 пайыздық тармаққа артық.

Атаулы әлеуметтік көмек 250,5 млн.теңге сомасына 1275 отбасына/5076 адамға төленді.

— Байқағанымыздай, қаламыздың даму қарқыны өте жоғары деңгейде. Ал осы серпіліс жыл соңына дейін сақтала ма?

— Жыл қорытындылары бойынша өндірілген өнім көлемінің жоспары – 501 млрд. 615 млн. теңге немесе 2020 жылғы көрсеткішке қарағанда 114,3% құрайды.

Инвестиция көлемі 2021 жылғы жоспар бойынша 180 млрд. 100 млн. теңгені құрайды. Ағымдағы жылдың қорытындылары бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің жоспары 2020 жылдың көрсеткішінен 17,9% жоғары.

2021 жылдың қорытындылары бойынша 415,2 мың ш.м. тұрғын үйді немесе 2020 жылға қарағанда 128,8% енгізу жоспарлануда.

Бүгінгі күні құрылыс жұмыстарының көлемінің жылдық жоспары 6% артығымен орындалды. Берілген көлемге инженерліккоммуникациялық инфрақұрылым жобаларын іске асыру есебінен қол жеткізіп отырмыз. Сонымен қатар, коммерциялық тұрғын үй құрылысы белсенді жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша бөлшек тауар айналымы 904 млрд. 172,1 млн. теңге сомасында немесе 2020 жылғы көрсеткішке қарағанда 107,6% күтілуде.

Әлеуметтік міндеттемелер толық көлемде орындалуда.

Қаланың әлеуметтікэкономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы тұрақты бақылауға алынған.

Жалпы, Мемлекет басшысының Жолдауларында, «Нұр Отан» партиясының Жол картасындағы іс -шараларда, қаланың бағдарламалық құжаттарында көзделген жоспарлы көрсеткіштер толық көлемде және уақытында орындалуда.

— Мемлекет басшысы биыл 1 қыркүйектегі жолдауында атап өткендей, облыс орталықтары өңірлердің өсу нүктелеріне айналуы тиіс. Облыстағы негізгі салалар бойынша қала қандай ұстанымдарға ие?

— Қаламыз Қарағанды облысында көш бастап тұр. Мысалы, сауда көлемі бойынша қаланың облыстық көрсеткіштердегі үлесі 79% — ды, тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша – 61%-ды, Құрылыс және инвестициялар көлемі бойынша 1-орынды, өнеркәсіптік өндіріс көлемі бойынша 4-орынды алады.

Әлеуметтік — экономикалық дамудың оң көрсеткіштері өз кезегінде мультипликативті әсер етеді және қаланың бюджеттік параметрлерінде көрініс табады.

— Қала бюджетінің кіріс бөлігі қалай қалыптасады?

— Бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыру өткен жылғы салық салынатын базаны бағалау, соңғы жылдардағы түсімдер серпінін және уәкілетті органдар мен төлеушілер ұсынған салық салу объектілері туралы мәліметтерді талдау, Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджет және Салық кодекстеріне сәйкес мемлекеттік кірістер басқармасының, қазынашылық және статистика органдарының есептілігі негізінде жүргізіледі.

Нақтыланған бюджетке сәйкес қалалық бюджет кірістерінің көлемі 57,8 млрд.теңгені құрайды, оның ішінде салық түсімдері — 52,5 млрд теңге, үлесі 90,8%.

Заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығының көлемі 8,6 млрд теңгені құрайды. Сонымен қатар, жалақыдан түсетін салықтар жеке табыс салығы — 15,1 млрд теңге және әлеуметтік салық — 12,1 млрд. теңге көлемінде.

Қала бюджетінің кіріс бөлігі ағымдағы жылдың 9 айында 44,1 млрд. теңге сомасында немесе жылдық жоспарға 76,4% орындалды.

— Қала бюджетіндегі қаражатты жұмсаудың негізгі бағыттары қандай?

— Қарағанды қаласының бюджеті әлеуметтік салада қабылданған барлық міндеттемелер мен бастамаларды орындауға бағытталған. Сондай-ақ, нақты сектордың дамуына оң әсерін тигізеді.

Республикалық және облыстық 30 млрд. теңге сомасында бюджеттерден берілетін трансферттер мен кредиттерді қоса алғанда, қала бюджеті шығыстарының көлемі 94,9 млрд. теңгені құрайды.

Қала бюджетінің қаражаты 25% үлесімен 23,7 млрд. теңге сомасында даму бюджетіне, 7,2% үлесімен 6,9 млрд. теңге қаланы абаттандыруға, жарықтандыруға және көгалдандыруға жұмсалады.

Сонымен қатар, бюджет саябақтар мен алаңдарды қаржыландыруға, қаланы безендіруге, аула аумақтарында шағын сәулет нысандарын орнатуға, футбол алаңдарын орнатуға, аула аумақтарына және орамішілік кірме жолдарға кіру жолдарын асфальттауға, қаланы жарықтандыруға, жөндеу – қалпына келтіру жұмыстарына және тағы да басқа жұмыстарға бағытталады.

Сондай – ақ, бюджет қаражаты әлеуметтік сала іс-шараларын іске асыруға жұмсалады — 9,2 млрд теңге.

— Қалада қандай ірі жобалар жүзеге асырылуда?

Ағымдағы жылы қалада мынадай ірі жобалар іске асырылуда:

қаланың тұрғын үй алаптарын жылумен жабдықтаудың магистральдық желілерін салу, «Қарағанды» АГТС-тан «Қарағанды» «САРЫАРҚА» МГ газ тарату желілерін салу, «Сұрыптау секторынды айналма жол» құрылысы, 14-шағынаудандағы автостанциядан «Шығыс айналма жолына» дейін автомобиль жолын салу және Волочаевская көшесі бойында жол салу, сондай-ақ К.Маркс көшесі мен Магнитогорская көшесі бойындағы автожолдарды күрделі жөндеу, Саран тас жолынан Штурманская көшесіне дейін 7-магистральды жөндеу, және автомобиль жолдарын орташа жөндеу жобалары іске асырылуда.

— Алдағы уақытта перспективалық дамуға арналған қандай жоспарлар бюджетте көрініс табады?

— Иә, бүгін біз келесі үшжылдыққа бюджетті қалыптастыру үстіндеміз. Бірінші кезекте Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында көрсетілген барлық әлеуметтік бастамалар ескерілетін болады, сондай-ақ тұрғындар үшін жайлы өмір сүру ортасын құруға бағытталған жобалар іске асырылатын болады.

— Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы қалай жүзеге асырылуда?

— «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел әрі тиімді ден қоюға, азаматтық қоғамды қолдап, нығайтуға, азаматтардың билікке деген сенім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Ашықтықты және қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін азаматтарды неғұрлым өзекті жалпы мемлекеттік міндеттерді талқылауға тарту мақсатында әлеуметтікэкономикалық даму және бюджет көрсеткіштері туралы деректер интернет-ресурстарда орналастырылады.

Мәселен, мәслихат сессиялары шешімдерінің жобалары бюджетті бекіту және нақтылау сатысында көпшілік және онлайн-талқылаулар үшін «Ашық нормативтік- құқықтық актілер» электрондық үкіметтің интернет-порталында орналастырылады.

Сондай-ақ, бюджетті қалыптастыру кезінде ашықтықты қамтамасыз ету және бюджет ақшасының жұмсалуына қоғамдық бақылауды дамыту үшін бюджеттік бағдарламалардың жобалары «Ашық бюджеттер» порталында («Ашық үкімет» жобасының құрамдауышы) орналастырылады және орналастыру қорытындылары бойынша қоғамдық талқылаулардың аяқталғаны туралы есептер қалыптастырылады.

Жоспарлау және орындау сатысындағы бюджеттер азаматтардың қолжетімділігі үшін азаматтық бюджеттер түрінде көрсетіледі және мемлекеттік органдардың интернетресурстарының бірыңғай Порталы (МО ИРБП) арқылы мемлекеттік органдардың ресми сайттарында орналастырылады.

Бұдан тыс, аталған жарияланымдар тұрақты негізде экономика бөлімінің ekonomika_finans_krg инстаграм-аккаунтында орналастырылады.

Сонымен қатар, «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» порталында қаржыландыру жоспарлары, штаттық кестелер, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарлары, жасалған шарттар, орындалған жұмыстардың актілері және басқа да құжаттар түрінде мемлекеттік органдардың бюджетін орындау бойынша ақпарат жарияланады.

— Айнұр Қабдырашқызы, Қалада «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» міндеттерінің бірі «Халықтың қатысу бюджеті» қалай жүзеге асырылады?

— Шешім қабылдау процесіне халықты кеңінен тарту мақсатында ағымдағы жылы Октябрь ауданында жалпы сомасы 30,5 млн. теңгеге абаттандырудың 7 жобасы қанатқақты «Халықтың қатысу бюджеті» аясында іске асырылды.

Келесі жылы осы бағыт бойынша Қазыбек би атындағы ауданда және Октябрь ауданында 69,5 млн. теңге сомасына 7 жоба іске асыруға мақұлданды.

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес «Халықтың қатысу бюджеті» бойынша жоспарлы параметрлер халықтың қажеттіліктеріне қарай кезең-кезеңімен 10 есеге ұлғаяды.

— Сұхбат бергеніңізге рақмет!

Аружан АЛПЫСБАЙ