«ХАЛАЛ» ӨНІМДЕРДІ ӨНДІРУ ТАЛАПТАРЫ САҚТАЛМАЙДЫ
Қазіргі уақытта дүкен сөрелерінде «Халал» белгісімен өнімдердің үлкен ассортиментін таңдауға болады. Бұл өнімдерді тек мұсылмандар ғана емес, басқа да сатып алушылар алуына болады, өйткені халал өнімдер сапалы әрі дәмді деп есептеледі.
Халықаралық Халал жүйесі – ең алдымен сапаны бақылау жүйесі. Жүйе гендік түрлендірілген өнімдер мен ингредиенттерге қатаң қарайды. Көптеген елдерде халал жүйесінде рұқсат етілген көптеген тағамдық қоспаларды азық-түлік өндірісінде қолдануға рұқсат етілмейді.
Халал өнімдерін сақтау және тасымалдау кезінде де қойылатын талаптар бар. Халал өндірісіне қатысатын барлық компоненттер мұқият тексеріліп, сертификатталады. Өкінішке қарай, өнімнің сапасы әрдайым өз атауына сәйкес келе бермейді.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қызметінің нәтижелері ет өнімдерін өндірушілер «Халал» өнімдерін өндіруге қойылатын талаптарды кей кезде сақтамайтынын анықтады.
Осылайша, өнімнің қауіпсіздігіне жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша шошқа етінің ДНҚ анықталған ет өнімдері анықталды, бұл ретте осы өнімнің құрамында шошқа етінің бар екенін өндіруші мәлімдемеген немесе өнім «Халал» белгісімен шығарылады, ал, бұл белгі құрамында мұндай өнімнің жоқтығын және оларды өндіру кезінде талаптардың қатаң сақталуын білдіреді.
Сертификаты бар өнімдер тұтынушылардың сеніміне ие. Қазақстанда «Халал Даму» ЖШС сайтында «Халал»сертификаты бар компаниялардың тізілімі бар.
Қарағанды облысының санитариялықэпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы.