Еуропа шектеулерді қайта күшейте бастады.
Қалыпты туристік маусымға тағы қауіп төніп тұр. Еуропа шектеулерді қайта күшейте бастады.
Испанияда түнгі жағажайлық кештерге тыйым салынады, елде коменданттық сағат енгізілген. Түнгі сағат 1-ден таңғы 6-ға дейін коронавирустық инфекция жұқтыру қаупі жоғары аумақтарда далаға шығуға тыйым салынған. Карантиндік шектеулер Барселонада және әйгілі Ситжес, Салоу және Льорет-де-Мар курорттарында енгізілген. Шектеулер елдегі «дельта» вариантын жұқтырғандар санының көбейгеніне байланысты енгізіліп отыр, әсіресе, вакцинациядан бас тартқан жастар арасында ауру тез таралған.
Греция да карантин талабын күшейтті. Тамыздың соңына дейін тек вакцинацияланған адамдар мейрамханалар, барлар, театрлар мен кинотеатрларға бара алады. Елдегі инфекция жұқтырғандардың көпшілігі «дельта» вариантпен сырқаттанған. Билік вирустың таралуына барлар мен мейрамханаларды кінәлайды.
⚡ COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК