Есеп – ұрысқа

Артиллерия әскер түрі ретінде оперативтік бірлестіктер мен жалпы әскерлік құрамалардың, бөлімдер мен бөлімшелердің құрамына кіретін артиллериялық құрамалардан, бөлімдер мен бөлімшелерден тұрады. Артиллерияға қару түрі ретінде зеңбіректер, минаатарлар, кері теппейтін зеңбіректер, танкжойғыш басқарылмалы ракета ұрыс машиналары және реактивтік артиллерия, артиллериялық және атқыштық оқ-дәрілер, артиллериялық қозғалу құралдары – дөңгелекті және шынжыр табанды тартқыштар және атыс басқару аспаптары, барлау мен атысты қамтамасыз ету құралдары, барлық атқыш қарудын түрлері мен гранатаатқыштар кіреді. Міне, артиллерия деген ұғымға  жалпы әскери терминология тура осындай жауап береді. Тактика әрекетінде жаяу әскер күші бағытталған нысананы жету мүмкіндігі азайған кезде, ауыр артиллерия яғни ауыр техника, әсері екі есе артатын күш қолданылады, соның бірі артиллериялық-зениттық дивизионы. Айта кетерлік Қарулы күштерден бөлек, Ұлттық құрамалары да аталмыш әскери бөлініспен қамтамасыз етілген болатын, солардың бірі 2018 жылы Петропавл қаласындағы Орталық өңірлік қолбасшылығына қарасты 6637 әскери бөліміне тапсырмасын жеке орындайтын бөлініс артиллериялық-зениттық дивизионы берілген болатын.

8 сәуір күні Қарағанды облысында орналасқан Қорғаныс министрлігінің «Спасск» далалық оқу-жаттығу алаңына далалық аумақта өздерінің тактикалық әрекеттерін машықтау үшін Петропавл қаласынан артиллериялық-зениттық дивизионы келген болатын. Бірінші күннен бастап әскерилер таңнан кешке дейін үш тізбекті лагерь құрып, Ұлттық ұлан құрамасының Туын тікті. Екінші күн артиллериялықтар үшін айтарлықтай өзгеріске толы болды, «Орталық» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Ерлан Чокушев таңғы сабаққа тарату өткізіп сардарларға сабақ өткізу тәртібін жеткізуден бастады, оған қоса әрбір жауынгерлік бөлініске тән сай, лагерь аумағын қорғайтын бөліністерге арнайы қарауыл бөлінісі, асхана, техника тұрағы құрылды, барлығы далалық нормаларға сай. Алғашқы болып лагерь маңына зениттық дивизион ЗУ-23 құрылғыларын жайып салып, жауынгерлік есептің әрбір қолданыстағы әрекетін практикалауды «Есеп – ұрысқа» пәрменімен бастады.

«Біздің басты міндет осы далалық оқу-жаттығуларында әрбір сарбазбен келісім шарт бойынша әскери қызметші, офицерлердің тактикалық әдісін үйретіп, ұрыс кезінде шынайы әрекетін орындау білуін үйрету. Күнделікті қала ішінде яғни әскери бөлім территориясында өткен жаттығулар, далалық жағдайда мүлдем басқа, өйткені бұл жерде табиғи шарттардың ауа-райын қарау, оған бейімделу өте маңызды, желдің тұруы, жаңбыр жаууы, ыстық суық ауаның әсер етеді, ал бұйрық орындалуы тиіс, сондықтан теория практикалық тұрғыда біз жауынгерлерді психологиялық тұрғыда да тәрбиелеуді басты мақсат етеміз, дейді зенит батареясының взводының командирі 3-ші сынып сержанты Ахат Жолдұғұлов.

Шынымен де зениттық құрылғы 23 калибрлі ЗУ-23-тен ату өте әсерлі, екі бірдей ұңғы алыста тұрған нысананы шап беретіні түр сипатынан-ақ көрініп тұр, бірақ бұл қарудың өзін де тура ату үшін арнайы дәлдеу керек. Есеп құрамы бөлімшелерге бөлініп, взвод командирінің пәрменімен дәлдеуші, атушы болып есеп құрамында қайталап әдістерін қайталап жатты.

Дивизион құрамына кіретін миномет батареясы өзіне бөлек тапсырмасын орындауда. Жалпы айта кетсек, бұл бөліністің де есеп құрамында жұмыла әрекеттену командирлердің аса назарында, бірақ зениттық батареясынан өзгешелігі бұл жерде атушы есепке қосып бағыттаушы, барлаушы топтары беріледі, және нысаналар тек ашық түрде болмай көзге көрінбей, тіпті бұрыштың арқасында жасырын тұрған жаудың көзін не техникасын жоюға мүмкіндігі бар бөлініс, тек өзіңмен жаудың арасындағы ара-қашықтықты дәл есептеп көздеп оқ жаудыра білу, демек нағыз мергендердің ісі.

Біздер бүгін миномет қаруынан атуды үйреніп жатырмыз, әрбір қозғалысымыз уақытқа орындалуы өте маңызды, дәлдеу, оғын салу, көздеп ату мұның барлығына есеп құрамында бірнеше адам міндеттерін атқарады, осы кезде шатаспай өз әрекетін дәл білген кезде ғана нысананы жоюға болады, әрине миномет Калашников қаруынан мүлдем бейтаныс қару болатын біз үшін, ал қазіргі кезде әскердегі міндетіміз осы қаруды үйреніп, қолдана білу болғандықтан, әрекеттерімізді пысықтап орындауымыз керек, — дейді 1 атыс взводының 1 есебінің аға маман аға дәлдеуші қатардағы Досымханов Алимхан Талгатович.

Атыс тактикасы әрдайым өзіндік айла-тәсілдерімен көрікті, сол қағида миномет батареясына да тән, солардың бірі дивизион командирінің шешімімен аталмыш бөлініске барлау бекеті құрылады, яғни алыстағы нысанаға арнайы құрылғылардың көмегімен сарбаздардың құрамынан маман барлаушылар тағайындалады, жалпы басқару барлау взводының командиріне беріледі. Бүгін де осы міндеттерді аға маман (аға барлаушы) ефрейтор Серікбай Нұрсұлтан Әділетұлы, радиотелефонист қатардағы Юнг Глеб Олегович пен маман (ұзаққа дәлдеуші) қатардағы Исабеков Тохтарбек Шалкарбекович және взвод командирі лейтенант Джакупов Айдарбектің басқаруымен  жұмыла атқарады.

Далалық қызмет, жағдайдың өзі күнделікті құбылмалы, соның барлығы адамның жай күйіне әсер етуі де әбден ықтимал, күнделікті ауыр жаттығулардан кейін жеке құрамның демалуына да аса назар бөлінді, әрбір рота жайында қабырға баспасы жайылып, күнделікті жауынгерлік ақпараттандыру өткізіліп тұрады, оқуларда өздерін озат етіп, өзгеден мықты тактикалық шыншылдық танытқандар рота баспасына «Молнияға» жазылып тұрады, кешкі уақытта демалыс іс-шаралары гитара, домбырамен ән шырқау, үстел-үсті ойындары шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындарын ойнаса, сенбі жексенбі күндері сарбаздар үшін демалыс күн жоспары өткізіліп тұрады, осы шаралардың еншісі дивизион командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары капитан Ғани Ережеге беріліп, аталмыш іс-шараларға айтарлықтай көңіл бөлінетінін де атап өткен жөн.

Біздің дивизионның әскери қызметшілері үшін осы тәріздес далалық оқулар бірінші рет емес, барлығы да шапшаң қозғалып күнделікті ортаға тез бейімделіп кетті, әрбір қойылған тапсырманы орындауға сақадай сай. Әрбір сардар мен келісім шарт бойынша әскери қызметші әрқашан өзіне бағыныштылары үшін абыройлы болуы тиіс, және істеген істері өзіндік тәрбиелік мәні болуы керек, осы орайда да сарбаздар мен офицер келісім шарт бойынша әскери қызметшілердің жай-күйін, жасаған оң әрекетін насихаттау үшін арнайы моральді-психологиялық топ құрылып взводтардағы үгіттершілердің көмегімен кешкі уақытта оң нәтижелер жеткізіліп тұрады және жауынгерлер оқу – жаттығулар аяқталған соң бөлім командирінің бұйрығымен мадақталатын болады, деп атап өтті капитан Ғани Ереже.

Бүгінгі күнге дейін айтарлықтай өзгерістер байқалуда, жауынгерлер өздерінің ауыр артиллериялық қаруларынан практикада қолдана білетіндертін көрсетіп жатыр, жалпы бұл далалық оқу жаттығулар әскери қызметшілердің далалық жағдайда әрекет етуін пысықтау үшін, өзіндік моральдік дайындығын, әрбір келенсіз оқиғада әрекет етуін жаттықтыру үшін жасалып жатыр, алдыңғы аптадан бастап есеп тобында күнделікті күндізгі және түңгі атыс жаттығулары басталады, — дейді Орталық өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Ерлан Чокушев.

Оқу – жаттығуға келген жеке құрамды 6637 әскери бөлім командирінің орынбасары подполковник Арыстанбаев Айбек Тұрдұмұратұлы жеке басқарып келсе, артиллериялық-зениттық дивизионын дивизон командирі подполковник Мусин Олжабай, миномет батареясын капитан Багдат Ашимов бастаса, зенит батареясын аға лейтенант Азамат Кұмархан  жеке бастады.

Далалық оқу-жаттығуын қамтамасыз ету үшін Қарағандылық 5451 әскери бөлімінің жеке құрамы, бөлім командирінің орынбасары подполковник Баймолдин Берік Жаркеновичтің жеке бастауымен келді.

Айта кетерлік, аталмыш оқулар 8 сәуірден 28 сәуірге дейін өткізілетін болады.

 

Аға лейтенант Алияр Дүйсенбай

Қарағанды қаласы.