Ермағанбет Бөлекпаев Оңтүстік-Шығыс пен Майқұдықтың даму жоспарын әзірлеуді тапсырды

Келесі жылы Оңтүстік-Шығыс пен Майқұдыққа ерекше назар аударылады. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды тұрғындарымен кездесуде келесі жылды осы аудандарды дамытуға арнауды ұсынды және қала әкіміне абаттандырудың нақты жоспарларын әзірлеуді тапсырды. Және барлық жобаларды жұртшылықпен келісу қажеттігі айтылды.

– Мен бірнеше рет айттым, бүгін тағы да қайталаймын, біз Қарағандының тек орталығы ғана емес, шеткері аймақтарының дамуын қамтамасыз етуге тырысамыз. Біз шеті жоқ қала салуымыз керек. Сондықтан келесі жылды Оңтүстік-Шығыс және Майқұдықтың даму жылы деп жариялауды ұсынамын, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Оңтүстік-Шығыста құрылыс жүмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Мұнда тұрғын үйлерден басқа әлеуметтік нысандар да салынуда. Бірінші қыркүйекке қарай екі жаңа мектеп ашылды, олардың бірі “Жайлы мектеп” жобасы аясында салынды. Тағы бір жайлы мектеп аяқталуда.
Сондай-ақ, Оңтүстік-Шығыста бүкіл отбасымен демалу үшін ірі сауда-ойын-сауық орталығын салу үшін жер бөлінген, мұнда кітапхана да болады. Инвестор қазірдің өзінде ЖСҚ әзірлеуде.

Ол Қарағандыда жылу қуатының тапшылығы мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты. Соңғы 30 жылдағы ТКШ саласындағы ең ірі жобасы — үшінші жылу құбыры салынды. Қазіргі уақытта магистральдық желілер орталықтандырылған жылумен жабдықтауға қосылған. Келешекте жеті жыл ішінде үшінші жылу шығару 1,2 млн шаршы метр тұрғын үйді, яғни 20 мыңнан астам пәтерді жылумен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, жылумен жабдықтауды жақсарту үшін ұзындығы 4 км 15 учаскеде жылу желілері жөнделді.

Облыс әкімі қаланың басқа да аудандарының мәселелері де шешілетінін атап өтті. Мәселен, Ермағанбет Бөлекпаев Каскад алаңы мен Н. Назарбаев даңғылының жай-күйін көрсетіп, оларды абаттандыру жобасын әзірлеуді тапсырды.